Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 123 бұйрығымен бекітілген Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгiлік регламентiне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің регламентi бекітілсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 56 қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жаров
5