«2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 38 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-қосымшалар осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі |
|
Е. Жаров |
4