Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Азаматтарды қабылдау орталығы

өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-бабы 1-тармағына сәйкес, 44-1-бапта көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жерден, сондай-ақ сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

  1. жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi (өтiнiмдi) қарауға қабылдау;
  2. сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау жатады;
  3. жер учаскесiн алдын ала таңдау (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде);
  4. жер комиссиясының қорытынды дайындауы;
  5. жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
  6. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
  7. сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусiз) жер пайдалану шартын жасасу;
  8. жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу; 
  9. елдi мекен шегiнде объектiлер салуға арналған жер учаскесiн қоспағанда, жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру.

Жер учаскесiн беру бойынша Сiзге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға жүгiну қажет.