Ақпараттық саясат

Ақпараттық саясат

Ауданда "Нива" қоғамдық-саяси газеті шығарылады, меншік иесі "Целинная Нива" ЖШС болып табылады, аудандық газеттің таралымы 610 дананы құрайды, газет аптасына 1 рет екі тілде шығарылады. 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс 8,1 млн. теңгені құрады. Аудандық БАҚ-та орналастыру үшін материалдар Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы, Дін істері басқармасы арқылы да ұсынылады. Газет қоғамдық - саяси бағыт, Заң, құқықтық тәртіп, Рухани жаңғыру, білім, Қазақстан-2050, әлеуметтік қорғау, Цифрлық Қазақстан, Қаржылық сауаттылық айдарларына бөлінеді.

Азаматтық сектор.

Тимирязев ауданының аумағында 6 үкіметтік емес бірлестік тіркелген:

"Көшпенді" Қоғамдық жастар бірлестігі

" Мужество " қоғамдық бірлестігі 

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі" қоғамдық бірлестігі

"Светлица" қоғамдық бірлестігі

"Солтүстік Қазақстан облысы соғыс, еңбек ардагерлерінің Тимирязев аудандық кеңесі" қоғамдық бірлестігі

" RҮHANI URPAQ" қоғамдық бірлестігі     

Жастар саясаты.

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды "Жастар ресурстық орталығы"КММ қамтамасыз етеді. Штат саны-3 адам. 2023 жылы 1 тоқсанда жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жастарды мәдени құндылықтарға баулуға, азаматтық және патриоттық ұстанымға тәрбиелеуге, волонтерлік қызметке тартуға бағытталған 26-дан астам іс-шара өткізілді.

Жастар комит жөніндегі 1 комитет қызметін жүзеге асырады. 2023 жылдың басынан бастап ауылдық округтерде және аудан бойынша еріктілік қызметке тартылған оқушы жастардың үлесі-724 адам. 128 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастардың бос уақыты: апта сайын Тимирязев ауданының жастары үшін АМҮ-де дискотекалар мен кино-кештер өткізіледі. 2023 жылы Жастар орталығы Тимирязев ауданының 60 жылдығы тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырады, сондай-ақ ауылдық округтер бойынша, әсіресе NEET санаты бойынша және жастардың әлеуметтік қызметтері бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда.

Тимирязев ауданының аумағында бүгінгі таңда 16 ауылдық округте 19 этномәдени орталық жұмыс істейді.