Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

функциялар:

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;

бағалау нәтижелерінің жиынтық ведомстволарының деректерін талдау және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;

елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаю қағидаларын әзірлеу және оларды бекіту үшін облыс мәслихатына енгізу;

топырақтың құнарлылығын арттыру, ауданның агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

агроқұрылымдар мен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес кредиттеудің Мемлекеттік бағдарламалары есебінен кредиттеуге жәрдемдесу;

ауыл шаруашылығындағы жергілікті және шетелдік жетістіктер тәжірибесін зерделеу және насихаттау;

ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысу;

ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, инвестициялық саясат және ауылдағы әлеуметтік сала бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметіне талдау жасау;

ауыл шаруашылығы өндірісін кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары мен мамандарының сапалық және сандық құрамына мониторинг жүргізу;

ауданның ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысу;

тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу бойынша жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету;

агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу;

өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, гербицидтерді, минералдық тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға облыстық бюджеттен субсидиялаудың барлық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңына сәйкес мемлекеттік техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

ауыл шаруашылығы машиналарын мемлекеттік тіркеу бойынша есепке алу деректерін автоматтандырылған есепке алу жүйелеріне енгізу;

заңнамада көзделген жағдайларда машиналарды тіркеуден шығаруға шектеулерді тіркеуді жүргізу;

ауыл шаруашылығы техникасының жеке және заңды тұлғаларға тіркелгені туралы құзыретті органдар мен иеленушілердің сұрау салуларына жауаптар беру;

ауыл шаруашылығы техникасының болуына, қажеттілігіне, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын сатып алуға мониторинг және талдау жүргізу;

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне жануарларды асырау Қағидаларының жобасын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға аудан аумағында ветеринария саласындағы функцияларды орындау кезінде көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну.