2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жоспарланған тақырыптар туралы ақпарат

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын көпшілік талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Көпшілік талқылау 2024 жылғы 22 қазан мен 2024 жылғы 06 қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (ozsp-tsh@sqo.gov.kz электрондық мекенжайына) және ауызша түрде де (тел. 8 71536 21697) қабылданады, сондай-ақ, сайтта пікірлер қалдыруға болады.

Анықтама тел: 8 71536 21697.

Жарияланған күні

22 қазан 2024 15:02

Жаңарту күні

22 қазан 2024

Срок публичного обсуждения

22 қазан 2024