СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бухгалтерлік есеп, есеп берушілік және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы (бас қызметкердің бала күтуге арналған демалысы уақытына, 2023 жылғы 28 наурыз айына дейін)
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлінген кредиттерді пайдалану бойынша құжаттарды ресімдейді (өтінімдер, төлемге арналған шоттар, төлемге, өтінімге шоттарды тіркеу журналын жүргізеді; Қазынашылықпен шығару формаларын Қаржылық процедураларға сай дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді; аналитикалық шот, бюджеттік шот бойынша шифрлардың ашылуын жүргізеді, № 2 мемориалды ордер құрастырады. Еңбек ақы төлеміне есептеу, еңбек ақы төлеміне және міндетті төлемдерге ұстаулар, аударулар жүргізеді. Активтердің, тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалуына аналитикалық есеп, қызмет көрсеткен дебиторлармен және кредиторлармен, есепті тұлғалармен есеп-айырысу жүргізеді және №5,6,8,9,1013,16 мемориалдық ордерлерді ресімдейді. Статистикалық есеп берулерді, жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды құрастырады. Түсініктеме хатымен төлемдер мен міндеттемелер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы даярлайды; Мемлекеттік орман мекемелерінің бухгалтерлерімен бухесеп және есеп берушілік мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізуге және дайындауға қатысады, орындарда бухесепті құрастыру бойынша жоспарлық тексерістер жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2020
- Петропавл қаласы, Парк 57В, каб.440
-
8(7152)533642, 87773256932