«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Басқа да міндетті білімдер функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті осы санаттағы лауазымдар бойынша:      

ҚР Бюджет кодексі, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулық, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі.

Функционалды міндеттер

Бюджет қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуына; заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысулардың жүргізілуіне; бухгалтерлік есептіліктің жасалуына бақылауды жүзеге асырады; ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен жұмыс: тоқсандық және жылдық есептерді тексеру және қабылдау, есептерді жинақтау және қаржы басқармасына тапсыру. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын жасайды, жоспарларға өзгерістер енгізеді. Жылдық жоспарды ҚР Мемлекеттік сатып алу веб-порталына қояды, уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту көлемі туралы мәліметтерді ұсынады, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ұсынған қазақстандық қамту есептерінің уақтылығы мен дұрыстығына мониторинг жүргізеді,. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіп түскен хат-хабарға жауап дайындайды; активтердің және басқа да материалдық құндылықтардың, бухгалтерлік құжаттардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, оларды белгіленген тәртіпке сәйкес мұрағатқа тапсыру үшін ресімдеуге қатысады. Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша мемлекеттік орман мекемелерінің бухгалтерлерімен семинар-кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысады, бухгалтерлік есепті қою бойынша жергілікті жерлерде жоспарлы тексерулер жүргізеді. Жеке қаржыландыру жоспарларын құрастырады, түсіндірме жазбаларымен төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар дайындайды; бюджет қаражатын игеру бойынша жиынтық есеп жасайды.

B блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2023 – 17.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20mb

Сұхбаттасу күні

21.11.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 116 каб

Анықтама алу үшін байланыс

8 715 2 50 16 79