«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Булаев орман шаруашылығы» КММ
Көру саны:9
СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Булаев орман шаруашылығы» КММ — СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Пушкин көшесi, 19 үй, КММ кеңсесiнiң ғимараты мекен-жайы бойынша 2017 жылдың 29 қыркүйегiнде сағат 10-00-да алаңы — 6,8 — 1,2 га Суворов орман шаруашылығы бойынша орманды тұтас санитарлық кесу жобасының қоршаған ортаға әсерiн бағалау материалдарына қатысты тыңдаулар өтетiнi туралы жұртшылықты ақпараттандырады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзу бойынша орган — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы» КММ-сi.
Тапсырыс берушi — СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi, тел. 22249, 21268.
Жобаны дайындаушы — «Петропавловск Жер» ЖШС, тел. 87152468946.
Материалдармен Петропавл қаласы, Амангелдi көшесi, 160 үй мекен-жайы немесе petro_ier@mail.ru электрондық поштасы бойынша танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстарды petro_ier@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.
08 қыркүйек 2017
08 қыркүйек 2017