«Aydana tour» ЖШС

Орналастыру күні

Хабарландыру

13.11.2025

«ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Экология департаменті) бастамашы – «Aydana tour» ЖШС  белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш берді.

Белгіленіп отырған қызмет – «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалы, Айыртау ауданындағы «Қарауылтөбе» орманшылығы, СҚО мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазығұрт» демалыс базасы.Өтінішпен www.dpr.gov.sko.kz «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ сайтында танысуға болады. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш интернет-ресурстарда қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады.

Жұртшылық белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Экология департаменті мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 02.12.2025 ж. дейін жалғасады.

13.11.2025

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш

12.12.2025

Ескертулер мен ұсыныстар бар хаттама

Жарияланған күні

13 қараша 2025

Жаңарту күні

12 желтоқсан 2025