«Астық-Привольный» ЖШС

Орналастыру күні

Хабарландыру

26.06.2025

«ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Экология департаменті) бастамашы – «Астық-Привольный» ЖШС белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш берді.

Белгіленіп отырған қызмет – жобада Привольное ауылындағы кәсіпорын объектілерінің жұмыс істеуі көзделеді (№1, №2, №3 алаңдар, сүт бағытындағы мал шаруашылығы фермасы (СТФ), егістіктердегі жұмыс учаскелері (бригадалар)). Кәсіпорын жұмыс істеп тұр және 600 бас ересек табын мөлшерінде сүтті бағыттағы ІҚМ өсіруді жүзеге асырады (жылына 1171 бас біржолғы ұсталымға дейін, төлімен бірге).Өтінішпен www.dpr.gov.sko.kz «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ сайтында танысуға болады. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш интернет-ресурстарда қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады.

Жұртшылық белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Экология департаменті мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 16.07.2025 ж. дейін жалғасады.

26.06.2025

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш

19.06.2025

Ескертулер мен ұсыныстар бар хаттама

Жарияланған күні

26 маусым 2025

Жаңарту күні

23 шілде 2025