«Явленское МТС» ЖШС

Орналастыру күні

Хабарландыру

24.10.2024

«ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Экология департаменті) бастамашы – «Явленское МТС» ЖСШ белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш берді.

Белгіленіп отырған қызмет – жаңбырлату қондырғыларының көмегімен Моховое көлінің үстіңгі су көзінен егістік алқаптарын суару. Пайдалану кезінде шығарындылар жоқ. Кәсіпорын құрылысты суару жүйесін одан әрі пайдаланумен бастауды жоспарлап отыр.Өтінішпен www.dpr.gov.sko.kz «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ сайтында танысуға болады.

Жұртшылық белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Экология департаменті мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 13.11.2024 ж. дейін жалғасады.

24.10.2024

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш
 

Ескертулер мен ұсыныстар бар хаттама

Жарияланған күні

24 қазан 2024

Жаңарту күні

21 қараша 2024