«Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС

Орналастыру күні

Хабарландыру

07.06.2024

«ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Экология департаменті) бастамашы – «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш берді.

Белгіленіп отырған қызмет – мал қорымының құрылысы (СҚО, Есіл ауданы, Корнеевка ауылы).Өтінішпен www.dpr.gov.sko.kz «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ сайтында танысуға болады. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш интернет-ресурстарда қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады.

Жұртшылық белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Экология департаменті мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 23.06.2024 ж. дейін жалғасады.

07.06.2024 Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш
03.07.2024

Ескертулер мен ұсыныстар бар хаттама

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

07 маусым 2024

Жаңарту күні

03 шілде 2024