«Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ

Орналастыру күні

Хабарландыру

20.02.2023

«ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Экология департаменті) бастамашы – «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш берді.

Жоспарланып отырған қызмет – ұзындығы 5 км-ден асатын мұнай, химиялық заттар, газ, бу және ыстық суды тасымалдауға арналған құбырлар мен өнеркәсіптік құрылыстар; «Петропавл қаласының 2035 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарына байланыстыра отырып, Петропавл қаласын жылумен жабдықтау схемасының» техникалық-экономикалық негіздемесі.

Өтінішпен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ www.dpr.gov.sko.kz. сайтында танысуға болады. Жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш интернет-ресурстарда дәйекті күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады.

Жұртшылық көзделіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Экология департаменті мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 17.03.2023 ж. дейін жалғасады.

20.02.2023

Жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш

29.03.2023

Ескертулер мен ұсыныстар бар хаттама

Жарияланған күні

20 ақпан 2023

Жаңарту күні

29 наурыз 2023