2025 жылдың 4 тоқсанына қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша деректер

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (110-бап) сәйкес III санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын адамдар Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қоршаған ортаға әсері туралы декларацияны ұсынады.

Қоршаған ортаға әсер туралы декларация – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен өтініш беруші дайындаған, қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар ететін құжат.

Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация:

1) белгіленіп отырған қызмет басталар алдында;

2) негізгі өндірістердің технологиялық процестері, ластағыш заттар мен стационарлық көздер, қалдықтар (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) шығарындыларының сапалық және сандық сипаттамалары  елеулі түрде өзгерген жағдайда – қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін ұсынылады.

2025 жылдың 4 тоқсанында қоршаған ортаға әсер ету туралы 38 декларация қабылданды.

2025 жылғы 4 тоқсанда декларацияланған ластаушы заттар шығарындыларының саны 1743,356619 т/жылына құрайды.

Жарияланған күні

13 қаңтар 2026 12:37

Жаңарту күні

13 қаңтар 2026