2025 жылдың 3 тоқсанына қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша деректер
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (110-бап) сәйкес III санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын адамдар Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қоршаған ортаға әсері туралы декларацияны ұсынады.
Қоршаған ортаға әсер туралы декларация – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен өтініш беруші дайындаған, қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар ететін құжат.
Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация:
1) белгіленіп отырған қызмет басталар алдында;
2) негізгі өндірістердің технологиялық процестері, ластағыш заттар мен стационарлық көздер, қалдықтар (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) шығарындыларының сапалық және сандық сипаттамалары елеулі түрде өзгерген жағдайда – қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін ұсынылады.
2025 жылдың 3 тоқсанында қоршаған ортаға әсер ету туралы 19 декларация қабылданды.
2025 жылғы 3 тоқсанда декларацияланған ластаушы заттар шығарындыларының саны 785,1106585 т/жылына құрайды.
13