«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-сі спорттық-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

ҚР Үкіметінің іс-қимыл бағдарламасын, саланы дамыту жоспарын, «Спорт» бөлімі бойынша облыстық бағдарламаларды, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға, жоғары тұрған органдарға дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы мәліметтерді талдайды және ұсынады, 1-ДШ нысаны бойынша статистикалық есептерді қабылдау және тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорт саласындағы штаттық қызметкерлердің саны бойынша, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыс бойынша есептерді қалыптастырады. БАҚ-пен баспасөз конференцияларын, мерзімді және кәсіби әдебиеттерге жазылу жұмыстарын, ұйымның ресми интернет ресурстында жарияланатын ақпаратты толықтыру және жаңарту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Алқа жұмысына қатысады, күн тәртібін, хаттамаларды, қаулылардың жобасын әзірлейді. Материалдар, анықтамалар, есептер, презентациялар әзірлейді.  Жоғары тұрған құжаттардың уақытылы орындалуын, облыс әкімі аппаратының жұмысына байланысты хаттамалық тапсырмалардың, тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма басшысының тапсырмаларын, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды.

В функционалдық блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.10.2022 – 18.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

20.10.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216