«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетін құрастыру мәселелері бойынша бөлім жұмысын бақылайды, жоспарлайды және ұйымдастырады, әкімшісінің стратегиялық және операциялық жоспарларын, бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жинақ жоспарын, ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жеке қаржыландыру жоспарларын әзірлейді, оларға есептер дайындайды, олардың негіздемелерін, колданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізеді.  Мемлекеттік бағдарламалар бойынша мақсатты индикаторлар көрсеткіштеріне қол жеткізуге мониторинг жасайды. Басқармаға жүктелген стратегиялық, мемлекеттік бағдарламалар мен пилоттық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Кураторлық бағыттар бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар үшін семинарлар, жиналыстар ұйымдастырады, ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді, алқа отырыстарына материалдар дайындайды.Басқарма қызметінде қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, дұрыс және бірізді қолданылуын, басқарманың құқықтық мүдделерін қорғауды бақылауды жүзеге асырады. Кураторлық бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдармен хат алмасуды жүргізеді, мекеме басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, тиісті есептеулерді жоспарлайды. Бағдарламалар әкімшісінің бюджетіне нақтылау жүргізу үшін материалдар дайындайды, бюджеттік мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады. Бағдарламалар әкімшісінің бюджетін орындау бойынша тоқсандық, жылдық, айлық және жедел есептерді дайындайды. Дебиторлық және кредиторлық берешекке, салық және бюджеттік заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Мүлікті түгендеуді ұйымдастырып, оның деректерін өңдеуді қамтамасыз етеді. Спорт саласындағы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларындағы мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржылық сүйемелдеуді және олардың жұмыс істеуін үйлестіреді. Жоғары тұрған құжаттардың орындалуын, облыс әкімінің аппаратының жұмысымен байланысты тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма басшысының тапсырмалары мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқа бөлімдермен бірлесіп басқарманың жұмыс жоспарын, алқа отырыстарын, жиналыстарын әзірлейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы және сапалы ұсынуға дербес жауапты болады. «Ашық бюджет», «Ашық диалог» критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей «Ашық бюджет» бойынша облыс әкімдігінің қаржы басқармасына, «Ашық диалог» бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына ұсыну). Басқарманың ресми интернет-ресурсының орындалуын және толтырылуын бақылауды және қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының толтырылуын қамтамасыз етеді. 

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2025 – 16.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

20.10.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16