"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ-сі жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетін құрастыру мәселелері бойынша бөлім жұмысын бақылайды, жоспарлайды және ұйымдастырады, әкімшісінің стратегиялық және операциялық жоспарларын, бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жинақ жоспарын, ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жеке қаржыландыру жоспарларын әзірлейді, оларға есептер дайындайды, олардың негіздемелерін, колданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізеді. Ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, жиналыстар өткізеді, ведомствоға қарасты ұйымдарды ақпараттық материалмен жабдықтайды, алқа отырысының материалдарын дайындайды. Жергілікті атқарушы органдармен жетекшілік ететін сұрақтар бойынша хат алмасады, мекеме басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, тиісті есептеулерді жоспарлайды. Бағдарламалар әкімшісінің бюджетін нақтылауға материалдар дайындайды, бюджеттік мониторингті және олардың нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеменің төлемдері мен міндеттемелері бойынша қаржаландыру жоспарларын өзгертуге сұраныс құрастырады,  бағдарлама әкімгері бюджетінің орындалуы туралы тоқсандық, жылдық, ай сайынғы, жедел есептерді дайындайды.

Дебиторлық, кредиторлық берешектерді үйлестіруді, салық және бюджет заңнамаларының сақталуын қамтамасыз етеді

Мүліктерді түгендеу бойынша мәліметтерді жүргізуді және өндеуді қамтамасыз етеді. Спорт саласында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялардағы мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржылық түрде сүйемелдеу бойынша жұмысты үйлестіреді Басқарманың негізгі қызметі бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру сұрағын үйлестіреді.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы және сапалы ұсынуға дербес жауапты болады. «Ашық бюджет», «Ашық диалог» критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей «Ашық бюджет» бойынша облыс әкімдігінің қаржы басқармасына, «Ашық диалог» бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына ұсыну). Басқарманың ресми интернет-ресурсының орындалуын және толтырылуын бақылауды және қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының толтырылуын қамтамасыз етеді. 

В функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2024 – 26.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.08.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216