«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-сі жоғары жетістіктер бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Дене шынықтыру және спорт
  • Спорт менеджменті

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

Облыста жоғары шеберлік спортын дамытуға, облыстың спорттық ұйымдарының, спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының, олимпиадалық резервті даярлау орталығының, жоғары спорттық шеберлік мектептерінің, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметіне талдау, мониторинг жүргізеді. Спорттық федерациялардың жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Спорт түрлері бойынша облыс құрама командалары мүшелерінің тізімін құрастырады, республикалық жарыстарға қатысу үшін  командаларды жинақтауды қамтамасыз етеді. Облыс құрама командасының мүшелерін спорттық мүлікпен және жабдықтармен қамтамасыз етуге жауапты. 1-ДШ нысандары бойынша статистикалық есептерді дайындайды. Кәсіби клубтарды даярлауға бақылау жүргізеді. Облыстың жетекші спортшыларын қабылдау және босату мәселелері бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен байланысты жүзеге асырады. Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру, спортшыларға спорттық разрядтар, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен төрешілерге санаттар беру, спорт мектептеріне мамандандырылған мәртебе беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы және сапалы ұсынуға дербес жауапты болады.«Ашық деректер», «Ашық диалог» критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей «Ашық деректер» бойынша облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасына, «Ашық диалог» бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына ұсыну).

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.02.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.02.2024 – 13.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

15.02.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216