Зейнетақы жүйесін жаңғырту

18.03.2021

2021 жылғы 17 наурыз

Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есiк күнi»

«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшiн дәстүрлi iс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) iндетiне байланысты салымшылармен қазiр Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткiзу мүмкiн емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлерi оны кезектi рет виртуалды кеңiстiкте өткiздi.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегiмен үйiнен шықпай-ақ онлайн-iс-шараға қосылып, «Ашық есiк күнiне» қатыса алды.

Iс-шараның тақырыбы — «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтерi». Өткен 2020 жылы адамзаттың жаңа сынаққа тап болғаны белгiлi — бұл covid-19 коронавирустық iндетi. Бiрқатар карантиндiк шектеулер мен локдаун режимi қабылданды, осыған байланысты қызметтердi қашықтықтан, онлайн-форматта алу қажеттiлiгi өстi.

БЖЗҚ дамыған және дұрыс жолға қойылған электрондық технологиялардың арқасында алға қойылған мiндеттi атқара бiлдi және виртуалды кеңiстiкте көрсетiлетiн қызметтер көлемiн 92% дейiн жеткiздi. Бұл салымшыларға енгiзiлген шектеулерге қарамастан қажеттi қызметтердi алуды жалғастыруға мүмкiндiк бердi. Ал әзiрше ғаламтор әлемiн ендi ғана меңгерiп келе жатқан азаматтар үшiн Ашық есiк күнi өткiзiлдi. Бiздiң мамандар оларға жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға көмектестi, enpf.kz сайты мен мобильдi қосымшада зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi қалай қадағалауға болатынын көрсетiп, шарттардың деректемелерiн өзгертудi үйреттi, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыларын есептеп бердi.

Iс-шараға елiмiз бойынша көптеген адам қатысты, олардың әрқайсысы электрондық форматта өткiзiлген «Ашық есiк күнiне» ризашылығын бiлдiрiп, Қор қызметкерлерiнiң қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты түсiнiктi әрi қарапайым әдiстермен жеткiзе бiлетiндерiн атап өттi.

01.03.2021 ж.

Баспасөзанонсы

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 17 наурызда онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Осы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қор виртуалды кеңістікте қызметтердің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, корпоративтік сайттың немесе мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше минут ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алып, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылауға және т. б. қвзметтерді алуға болады.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.

Естеріңізде болсын, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында17 наурыз сағат 10:00-деонлайн-форматта «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушығаhttps://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e29e86d55774adef39405bd8189d3527cосы сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін

event-мәжіліс нөмірін184 919 6424және

event-мәжіліс паролін енгізіңіз:c3C6.

Естеріңізде болсын, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында17 наурыз сағат 12:00-деонлайн-форматта «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушығаhttps://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1430f8dccb541a5da2bbd3df8c24e2a3осы сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін

event-мәжіліс нөмірін184 508 2501және

event-мәжіліс паролін енгізіңіз:drMH.

Естеріңізде болсын, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында17 наурыз сағат 15:00-деонлайн-форматта «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушығаhttps://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e721d1e51fd5fbeff806f46d8283c6f98осы сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін

event-мәжіліс нөмірін184 616 5222және

event-мәжіліс паролін енгізіңіз:dPYe.

Жарияланған күні

10 маусым 2021

Жаңарту күні

10 маусым 2021