Электрондық цифырлық қолтаңба

Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ құралдарын алудың тәртібі

1 ҚАДАМ.«Криптопровайдер» бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату қажет.Шығарып көшіріп алу.

 

2 ҚАДАМ.Сертификаттарды online-да шығаруға тапсырыс беру

 

3 ҚАДАМ.Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының таңдалғанТіркеу орталығына өтініш, сонымен қатар қажетті құжаттарды ұсыну.

 

4 ҚАДАМ.Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығыныңТіркеу орталығы құжаттарды қабылдайды және тапсырысты растайды. Деректерді өңдегеннен кейін, өтініште көрсетілген электрондық адреске тіркеу куәліктері жіберіледі.

 

Форматтағы пайдаланушының нұсқаулығы:Word, Rar CHM

 

Құжаттардың тізімі:

Бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) қамтитын заңды тұлғаны мемекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

 

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен тіркеу куәлігінің иесі-тапсырыс берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарының тұпнұсқалары және көшірмелері;

 

Заңды тұлғадан тапсырыс берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне сенімхат;

Тапсырыс берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне жұмыс орнынан анықтама

 

Егер заңды тұлғаның өкілі Тапсырыс берушінің атына Сертификатты алса, бірақ өзі Тіркеу Орталығына келмеген жағдайда өзімен бірге орнатылған үлгідесенімхат (Ұйым басшысының қолы және Ұйымның мөрі міндетті) және өкілдің тұлғасын куәландыратын құжаттары (жеке куәлік, ҚР паспорты) қосымша болуы қажет.

 

Жеке тұлға үшін ЭЦҚ құралдарын алудың тәртібі

 

1 ҚАДАМ.«Криптопровайдер» бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату қажет.Шығарып көшіріп алу.

 

2 ҚАДАМ.Сертификаттарды online-да шығаруға тапсырыс беру

 

3 ҚАДАМ.Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының таңдалғанТіркеу орталығына өтініш, сонымен қатар қажетті құжаттарды ұсыну.

 

4 ҚАДАМ.Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығыныңТіркеу орталығы құжаттарды қабылдайды және тапсырысты растайды. Деректерді өңдегеннен кейін, өтініште көрсетілген электрондық адреске тіркеу куәліктері жіберіледі.

 

Форматтағы пайдаланушының нұсқаулығы:Word, Rar CHM

 

Құжаттардың тізімі:

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен тіркеу куәлігінің иесі - өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарының тұпнұсқалары және көшірмелері;

 

Егер жеке тұлғаның өкілі өтініш берушінің атына Сертификат алатын болса, бірақ Тіркеу орталығында өзі болмаса, онда өзімен бірге қосымша нотариалды куәландырылғансенімхат болуы қажет.

Жарияланған күні

10 маусым 2021

Жаңарту күні

10 маусым 2021