Қоғамдық кеңес
Көру саны:17
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесі отырысының №3 ХАТТАМАСЫ
Өткізу орны: мәслихат аппаратының
отырыс залы
Мерзімі және уақыты 2022 ж 06.04
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ: Мушарапова А.Х.- Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Н.В.Вишневская-Қоғамдық кеңестің хатшысы
Отырыс жұмысына қатысып отыр:
С.А.Крутоус, А.И.Пояркин, Ғ.С.Бүйрекбаев, Ж.С.Бекенова, Н.И.Стадник,Е.С.Мұхамеджанов, Ө.Ө.Самомбетов.
Шақырылғандар:
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Ғали Мұратұлы Абрашев.
«Аманат» партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Р.Нұрмұқанова, «Аманат» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері М.И.Ташмағанбетов, Д.К.Прелгаускас, «Айя-Сервис» ЖШС өкілі И.М.Байгулов, ПТО инженері, 8-778-15-26-22
Күн тәртібі:
- Бостандық ауылдық клуб ғимаратын жөндеуді аяқтау үшін қолданылатын шаралар туралы.
2.Жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталған жолдардың жағдайын қоғамдық бақылау нәтижелері туралы.
1 сұрақ бойынша
Ақпаратпен сөз сөйлеу Қоғамдық кеңестің мүшесі- Ерлік Серікұлы Мұхамеджановқа беріледі.
- Қазіргі уақытта ауыл өсіп, гүлденуде, жұмыс орындарының саны артты, үйлерге су тартылды, тұрмыстық жағдай жақсарып, халықтың бос уақыты көп болды. Клубтың жөндеу жұмыстары көптен күткен болатын және оның аяқталмағанын тұрғындар теріс қабылдайды.
Ақпаратпен сөз сөйлеу –Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а.-Ғали Мұратұлы Абрашевке беріледі. (ақпарат қоса беріледі.)
Қоғамдық кеңес мүшесі А.И.Пояркиннің сұрағы
мердігерді жауапкершілікке тарту үшін не істелуде ?
Ғ.М.Абдрашевтің жауабы
1 кезең
Олар жосықсыз жеткізуші деп тану үшін сотқа арыз берді -19.01.2022 ж
сот қабылдады - 20.01.2022 ж
соттың ұйғарымы бойынша 22.02.2022 ж. Дайындық 22.03.2022 ж дейін ұзартылды.
2022 ж 01.04 сағат 10.00 де Онлайн
2 кезең
Шартты орындау міндеттемесі туралы сотқа арыз берді -18.03.2022 ж
Сот қабылдады 24.03.2022 ж
Әңгімелесу 2022 ж 07.04 тағайындалған.
Е.С.Мұхамеджановтың сұрағы. Мердігердің ұйымы қайда орналасқан ?
Жауап: Ұйым Өскемен қаласында орналасқан.
Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша:
«Жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталған жолдардың жағдайын қоғамдық бақылау нәтижелері туралы»
Бұл мәселе қар ерігеннен кейін осы жолдардағы барлық кемшіліктердің пайда болуына байланысты көтерілуде. Қоғамдық бақылау тобы құрылды, оған Қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа, «Аманат» партиясының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Аманат» партиясының депутаттық фракциясы мүшелері кірді.
- Ақпаратпен сөз сөйлеу –Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а.-Ғали Мұратұлы Абрашевке беріледі. (ақпарат қоса беріледі.)
- Ақпаратпен сөз сөйлеу «Аманат» партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Р. Нұрмұқановаға беріледі.
Жолдарды жөндеу кезінде оған қоғамдық бақылау жүргізілді, топ құрамында құрылысшы мамандар- Қоғамдық кеңестің мүшесі, сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы қатысты, тексеру мердігерлердің қатысуымен жүргізілді. Барлық ескертулер бақылау барысында айтылды. Егер олар жойылмаса, оларға авторлық қадағалау шақырылатын болады. Әрине, қысқы кезең жұмыс сапасына әсер етті, енді мердігерлер анықталған ақауларды жоюы керек.
-Ақпаратпен сөз сөйлеу «Аманат» партиясының депутаттық фракциясы мүшелеріне ұсынылады.
М.И.Ташмағанбетов. Краснознаменное ауылына баратын жол- көптен күткен жол, ол барлық аудан жолдарының ішіндегі ең жаманы және халық үшін өте маңызды. Сондықтан оны жөндеу үшін әкелінетін материалдарды есепке алуға дейін арнайы бақылау жүргізілді.
Д.К.Прелгаускас. Викторенко көшесінің жолдары қар ерігеннен кейін ақаулар бар.
Қарастырылған сұрақтар бойынша бізге шешім қабылдауымыз керек, Шешім жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қолында.
Шешімге өзгертулер, не толықтырулар бар ма ?
Дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім-–қолдаймын ? Кім- қарсымын ? Жоқ. Қалыс қалды ? жоқ. Қабылданды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы: А.Мушарапова
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесі отырысының №2 ХАТТАМАСЫ
Мамлютка қаласы
"Ашық әкімдік" фронт-офисінің
үй-жайы
2022 жылғы 30 наурыз Басталуы сағат 11-00
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Мушарапова А.Х.- Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы
Отырыс жұмысына қатысып отыр:
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы, мәслихат хатшысы, ішкі бақылау бойынша бас маман, қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты қызметкерлер.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Күн тәртібіне келесі сұрақ шығарылып отыр:
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы және 2021 жылға арналған облыстық қоғамдық мониторингтің нәтижесі туралы.
Ақпаратпен сөз сөйлеу ішкі бақылау бойынша бас маман Алия Бауыржанқызы Боранбаеваға ұсынылады.(ақпарат қоса беріледі)
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Ақпарат аяқталды. Алия Бауыржанқызына сұрақтар бар ма ?
Қоғамдық кеңес мүшесі С.А.Крутоустың сұрағы
-облыстық социологиялық мониторинг қалай жүзеге асырылады, кандай тәсілмен ?
Жауап: социологиялық мониторинг көрсетілетін қызметті алушылардың байланыс деректерін ұсына отырып,мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір тізімі бойынша халық арасында жүзеге асырылады.
Қоғамдық кеңес мүшесі Д.А.Могунованың сұрағы
-тоқсан сайын негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау қандай критерийлер бойынша жүзеге асырылады.
жауап: негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
-электрондық мемлекеттік қызметтер үлесін өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кемінде 10-ға және тоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда кемінде 2,5-ке арттыру;
-өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда қағаз түрінде көрсетілген баламалы мемлекеттік қызметтер үлесінің төмендеуі;
- халықты «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына үйрету;
- бағыттар бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша бастамаларды тоқсан сайын енгізу;
- ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
-көрсетілетін қызметті берушілердің Facebook әлеуметтік желісінде халыққа, БАҚ-қа алдын ала хабарлай отырып, қызметтің барлық қатысушыларына интернет-конференциялар өткізу;
- қызмет көрсетушілердің Қоғамдық кеңестер жұмысына қатысуы
-Мемлекеттік корпорацияның бөлімдерінде үкіметтік емес ұйымдарды шақыра отырып, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
- әлеуметтік маңызы бар объектілерге қоғамдық бақылау жүргізу
- ішкі бақылау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер туралы Заңнаманы бұзу фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс
- «Электрондық үкімет» порталын пайдалануды насихаттайтын бейнероликтер дайындау
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына келіп түскен өтініштерді қарау
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша брошюралар жасау және тарату,оның ішінде электрондық форматта
Сұрақ- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Е.Ж.Болатов
- Социологиялық мониторинг қорытындысы бойынша келесі критерийлер бойынша көрсеткіштер төмендегені байқалады: "Қолжетімділік", "Ақпарат", "Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасы", бұл немен байланысты ?
Жауап: 2020 жылмен салыстырғанда "Қолжетімділік" критерийлері бойынша Мемлекеттік мекемелердің ешқандай объектілері орналасқан жерінің мекенжайын өзгертпеді, менің ойымша, бұл құлдырау жыл сайын сауалнамаға халықтың әртүрлі контингенті, яғни аудан орталығына жету қиын Мамлютка қаласы және шалғайдағы ауылдық округтердің тұрғындары да қатысатындығына байланысты.
"Ақпарат" критерийлері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тартылған әрбір мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер туралы барлық ақпарат орналастырылған ақпараттық стендтер бар екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, аудан әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер ережелері туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, мақалалар, 2021 жылғы облыстық қоғамдық мониторингтің барлық қорытындылары бар.
«Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» критерийі бойынша ауданда «АШЫҚ ӘКІМДІК» фронт-офисі бар екенін түсіндіремін, онда мамандар халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алуда теориялық және практикалық көмек көрсетеді. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ауылдық округтерде және мемлекеттік мекемелерде орналасқан.
Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын брашюрлер мен бейнероликтерді әзірлейді және таратады.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Алия Бауыржанқызына сұрақтар бар ма ? Жоқ.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ: Ақпаратпен сөз сөйлеу Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Ернат Жанатұлына беріледі.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ: Ақпарат ақталды. Ернат Жанатұлына сұрақтар бар ма ? Жоқ.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ: Осы сұрақ бойынша шешім жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерінде бар. шешім жобасын А.Б.Боранбаева енгізген ұсынымдарды ескере отырып қабылдау ұсынылады. Дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім-қолдайды ? Кім-қарсы ? Қалыс қалды. Жоқ. Бірауыздан шешім қабылдаймыз.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар !
Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі қаралды. Кеңес мүшелерінің отырысты жүргізу бойынша ескертулері, не болмаса ұсыныстар бар ма ? Жоқ.
Назарларыңызға рахмет !
Қоғамдық кеңестің төрағасы: А.Мушарапова
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысының №1 ХАТТАМАСЫ
Мамлютка қаласы
Мамлют аудандық мәслихатының
үй-жайы 2022 жылғы 2 наурыз
сағат 12-00
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Прелгаускас Дмитрий Кестутисович- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы
Құрметті Қоғамдық кеңестің мүшелері, шақырылғандар!
Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады.
Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 2 наурыздағы №18/12 шешімімен Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілген. Қоғамдық кеңес құрамына 13 адам кірді:
- Бүйрекбаев Ғалихан Салықұлы
- Бекенова Жанна Серкенқызы
- Грауверг Карина Валерьевна
- Каримова Жанар Сәбитқызы
- Крутоус Светлана Александровна
- Мушарапова Аида Хасановна
- Могунова Данголе Антонасовна
- Мұхамеджанов Ерлік Серікұлы
- Пояркин Александр Иванович
- Полякова Крестина Александровна
- Стадник Николай Иванович
- Самомбетов Өнербек Өтегенұлы
- Щеголев Вячеслав Геннадьевич
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Бірінші отырыста қоғамдық кеңестің барлық мүшелері қатысып отыр. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес бірінші отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады. Қоғамдық кеңестің төрағасы– мүшелер ішінен мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтіндер арасынан сайланады.
Құрметті Қоғамдық кеңестің мүшелері!
Қоғамдық кеңестің төрағасына кандидат бойынша ұсыныстар бар ма?
Д.А.Могунованың ұсынысы: Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде Аида Хасановна Мушарапованы сайлауды ұсынамын. Аида Хасановна Мушарапованы мен көп уақыттан бері білемін. Ол өте белсенді, әділ және мақсаткер адам, ұзақ уақыт мемлекеттік басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысады.
Н.И.Стадниктің ұсынысы: Мен Мушарапова Аида Хасановнаның кандидатурасын қолдаймын.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Тағы да ұсыныстар бар ма? Жоқ.
ӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде Мушарапова Аида Хасановнаны сайлау ұсынысын дауыс беруге шығарамын. Осы кандидатураны кім қолдайды. Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 12 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» жоқ. Қабылданды.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Көпшілік дауыспен Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде Мушарапова Аида Хасановна сайланды.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің төрағасы:
- қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
- отырыстарда төрағалық етеді;
- қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
- қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
- жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарында кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
- өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Аида Хасановнаны құттықтаймын және отырысты ары қарай жалғастыру үшін төраға орнына орналасуыңызды сұраймын.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ: Мушарапова Аида Хасановна
Құрметті Қоғамдық кеңестің мүшелері!
Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібіне келесі сұрақтар шығарылып отыр:
- Қызмет бағыттары бойынша қоғамдық кеңестің комиссияларын құру.
- Қоғамдық кеңестің төралқасын сайлау.
- Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің ережесін бекіту.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Күн тәртібінің бірінші сұрағын қарастыруға көшеміз «Қызмет бағыттары бойынша қоғамдық кеңестің комиссияларын құру туралы»
Бұған бағыттар бойынша комиссиялардың санын айқындау, комиссиялардың құрамын және төрағаларын сайлау кіреді.
Мысалға, Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің екінші құрамында 2 комиссия болған: әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия және экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Қоғамдық кеңес мүшелерінің комиссияларды құру және олардың бағыттары бойынша қандай ұсыныстар болады ? Жоқ.
Үш комиссия құруды ұсынамын:
- Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия.
- Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия.
- Жастармен жұмыс жөніндегі комиссия.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Тағы да ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Осы ұсынысты дауыс беруге шығарамын.
Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 13 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» жоқ. Қабылданды.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Бізге осы комиссиялардың құрамын сайлау керек.
Қандай ұсыныстар болады? Жоқ.
Ұсынамын:
- Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия:
Могунова Данголе Антонасовна.
Грауверг Карина Валерьевна.
Крутоус Светлана Александровна
Пояркин Александр Иванович
- Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия:
Бүйрекбаев Ғалихан Салықұлы.
Бекенова Жанна Серкенқызы.
Стадник Николай Иванович.
Щеголев Вячеслав Геннадьевич.
- Жастармен жұмыс жөніндегі комиссия:
Полякова Крестина Александровна.
Каримова Жанар Сәбитқызы.
Мұхамеджанов Ерлік Серікұлы.
Самомбетов Өнербек Өтегенұлы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Тағы да ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Осы ұсынысты дауыс беруге шығарамын.
Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 13 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» жоқ. Қабылданды.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Бізге комиссияның төағаларын сайлау керек.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның мүшелерінде төрағаның кандидатурасы бойынша ұсыныстар бар ма ?
А. И. Пояркиннің ұсынысы.: Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде Данголе Антонасовна Могунованың кандидатурасын ұсынамын.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Тағы да ұсыныстар бар ма ? Жоқ.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде Данголе Антонасовна Могунованың кандидатурасына дауыс беруге шығарамын.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның мүшелері дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 3 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» жоқ. Қабылданды.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасын сайлауға көшеміз.
Осы комиссия мүшелерінің төрағасы кандидатурасы бойынша ұсыныстары бар ма?
Н.И.Стадниктің ұсынысы.: Комиссия төрағасы ретінде Ғалихан Салықұлы Бүйрекбаевты сайлауды ұсынамын.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Тағы да ұсыныстар бар ма? Жоқ. Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде Ғалихан Салықұлы Бүйрекбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның мүшелері дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 3 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» жоқ. Қабылданды.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Күн тәртібінің екінші сұрағын қарастыруға көшеміз.
Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланады. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес төралқа құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, комиссия төрағалары, қоғамдық кеңестің бөлек мүшелері кіреді.
Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
4) қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Қоғамдық кеңес төралқасына сайлауды ұсынамын:
Мушарапова Аида Хасановна- Қоғамдық кеңес төрағасы;
Могунова Данголе Антонасовна- әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы;
Бүйрекбаев Ғалихан Салықұлы- экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы;
Полякова Крестина Александровна- жастармен жұмыс жөніндегі комиссияның төрағасы.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Тағы да ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Осы ұсынысты дауыс беруге шығарамын.
Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 13 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» Жоқ. Қабылданды.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Күн тәртібінің соңғы сұрағын қарастыруға көшеміз.
Комиссия мүшелерінің қолында Мамлют ауданының қоғамдық кеңесі ережесінің жобасы бар.
Осы жоба Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесі негізінде әзірленген.
Кеңес мүшелерінде Қоғамдық кеңес Ережесінің жобасының мәтіні бойынша ұсыныстар,ескертулер бола ма ?
Жоқ болса.
Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің ережесін бекітуді ұсынамын.
Осы ұсынысты дауыс беруге шығарамын.
Кім «ҚОЛДАЙМЫН»? 13 дауыс. Кім «ҚАРСЫМЫН»? Жоқ. «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» жоқ. Қабылданды
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері!
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібі қаралды. Кеңес мүшелерінде отырысты жүргізу бойынша ескертулер, не болмаса ұсыныстар бар ма ? Жоқ.
Назарларыңызға рахмет!
Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Мушарапова
20 сәуір 2022
20 сәуір 2022