2021 жылдың 01.09. Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің жұмыс қорытындысы туралы ақпарат (аумақтың даму Бағдарламасы)
Көру саны:13
«Еңбек нарығы»
2021 жылдың 01 қыркүйекте ауданда 1034 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық тапсырманың 12930 немесе 80% құрайды, 28,0% әйелдер, 15,5% жастар.
Уәкілетті орган арқылы жалпы санынан 647 адам (62,5%); жұмыс берушінің өтінімі бойынша 326 адам жұмысқа орналастырылды; тұрақты жұмыс орнына 1006 жоспары бойынша 674 (67 пайыз) адам жолданды.
2021 жылы 361 жаңа жұмыс орындары құрылды, жоспар бойынша 457.
Салалар бойынша жұмыс орындары құрылды:
өнеркәсіп саласында 0, жоспар бойынша 33;
ауыл шаруашылығында 209, жоспар бойынша 130;
құрылыста 41, жоспар бойынша 62;
басқа салаларда 41, жоспар бойынша 98;
жеке кәсіпкерлікте 70 немесе 52,2 %, жоспар бойынша 134.
Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 274 жұмысшы, жоспар бойынша 208.
Жалпы 160 жастар жұмысқа орналастырылды.
16 мүгедек жұмысқа орналастырылды.
Халықтың аз қамтылған салаларына қолдау көрсету
Аз қамтылған азаматтарға қолдау қөрсету мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 38 аз қамтылған отбасына (168 адам) 9513,8 мың теңге жалпы соммасына тағайындалды.
Жыл басынан шартты ақшалай көмек 30 отбасыға 142 алушыға жалпы соммасы 6821,7 мың теңгеге тағайындалды.
Жыл басынан шартсыз ақшалай көмек 8 отбасыға 26 алушыға жалпы соммасы 2692,1 мың теңгеге тағайындалды.
АМК алушылар саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 отбасыға, 22 алушыға 1050,2 мың теңге соммасына қысқартылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар еңбекке қабілеті бар халықтың үлес салмағы аудан бойынша 34,4% (64 адам), (бала күтудегі аналарды есепке алмаса 19,9% (37 адам).
Еңбекке қабілеті бар халықтың арасынан есепте тұрған жұмыссыздар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 33,3 пайыз (56 адам) (күту бойынша қамтылған аналарды есепке алмағанда) – 22,0 пайыз (19 адам). АӘК алушылардан еңбекке қабілетті азаматтар құрамындағы жұмыссыздар, есепке алынғандар 7,1 пайыз (4 адам); жалданып жұмыс істейтіндер 57,1% (32 адам). Өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда еңбекке қабілеті бар халықтың арасынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 10 адамға қысқарды 84,8%.
Күнкөріс мөлшерінен кірістері төмен аз қамтылған отбасыларының саны 168 адам немесе 0,8% құрайды.
Үйде оқитын 10 мүгедек балаға 393,8 мың теңге сомасына шығындарын қайтару тағайындалды.
2021 жылға республикалық бюджет есебінен АӘК 53 отбасыға 238 адамға 16535 мың теңге көлемінде жоспарланған, республикалық – 12828 теңге, жергілікті бюджеттен 5707 теңге. АӘК алушыларға 34 дана дәрі қобдишалары таратылды.
Мүгедектерді сауықтыру
25 мүгедекке – протездік-ортопедиялық бұйымға, 1 – сурдотехникалық құралдарға, 5 – тифлотехникалық құралдарға, 7 – кресло-арбаға, 21 — жеке көмекші және ымдау тілі маман қызметіне, 70 — міндетті гигиеналық құралдарын алу үшін ресімдеу құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілді. Санаторлық-курорттық емделуге 8 мүгедек құжаттарын рәсімдеді.
Нысандарды паспортандыру
Нысандарды паспортандыруға жататын тізімге 107 нысан енді. Бейімделуге 90 объект кіреді. Зерттеу барысында бекітілді 90 объект қол жетімді, ол 100 пайызды құрады.
Әлеуметтік серіктестік
Орташа айлық жалақы 2021 жылғы 1 сәуір айына 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,8 пайызға өсіп, 146208 тенгені құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығында 150247 теңге немесе өткен жылға өсуі 121,8%.
Ауданымызда «Ұжымдық шарт жаса!» жалпы республикалық акциясын жүзеге асыру мақсатында қызу жұмыс жүргізілді. Акция басталғаннан бері 16 ұжымдық шарт жасалды, соның ішінде 1 ірі және 2 орта кәсіпорындардың толық қамтылуы.
Аудан әкімдігі, жұмыс берушілері және кәсіподақ арасындағы өзара түсіністік және өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы 162 меморандум жасалды.
Үйде қызмет көрсету
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерімен арнайы әлеуметтік қызмет 189 қызмет алушыларға, оның ішінде 1715 қарт адамдарға, 3 мүгедекке, 9 мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға, және психоневрологиялық аурулармен ауыратын он сегіз жастан асқан 2 тұлғаға көрсетілді.
44 әлеуметтік жұмысшы жұмыс істейді. Барлығы штаттық бірлік – 43. Жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ 0, стационарлық үлгідегі МӘМ 0, үй жағдайында — 29 құжат ресімделді.
Бөлім басшысы Б. Уәлиев