Зейнетақы жүйесін жаңғырту
Көру саны:1
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін жеткіліктілік шегі туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.
Осы құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастыра алған салымшылар пайдалана алады.
Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес «зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі» салымшының зейнетақы жинақтарының нақты сомасын, сондай-ақ, оның болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтиды. Бұл зейнетақы жасына жеткен кезде оған ең аз зейнетақыдан кем емес зейнетақы табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте болашақ жарналардың ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес табыстан аударылатыны есепке алынды. Егер кірістер жоғары болса, онда ең төменгі жеткіліктілік шегі тезірек қалыптасады, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі төлемдер ең төменгі зейнетақыдан көп болады.
Жеткіліктілік шегін есептеуге арналған әдістеме мен өлшемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады және әрбір жас үшін жеке есептеледі. 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің алдын ала мөлшерлері төмендегідей:
|
Жасы |
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі, теңгемен |
|
20 |
1 710 000 |
|
21 |
1 780 000 |
|
22 |
1 860 000 |
|
23 |
1 930 000 |
|
24 |
2 010 000 |
|
25 |
2 090 000 |
|
26 |
2 170 000 |
|
27 |
2 250 000 |
|
28 |
2 330 000 |
|
29 |
2 420 000 |
|
30 |
2 500 000 |
|
31 |
2 590 000 |
|
32 |
2 670 000 |
|
33 |
2 760 000 |
|
34 |
2 850 000 |
|
35 |
2 940 000 |
|
36 |
3 030 000 |
|
37 |
3 130 000 |
|
38 |
3 220 000 |
|
39 |
3 320 000 |
|
40 |
3 420 000 |
|
41 |
3 520 000 |
|
42 |
3 620 000 |
|
43 |
3 720 000 |
|
44 |
3 820 000 |
|
45 |
3 930 000 |
|
46 |
4 030 000 |
|
47 |
4 140 000 |
|
48 |
4 250 000 |
|
49 |
4 360 000 |
|
50 |
4 470 000 |
|
51 |
4 590 000 |
|
52 |
4 700 000 |
|
53 |
4 820 000 |
|
54 |
4 940 000 |
|
55 |
5 060 000 |
|
56 |
5 180 000 |
|
57 |
5 300 000 |
|
58 |
5 430 000 |
|
59 - 62 |
5 560 000 |
Өз жинақтарының жеткіліктілік шегіне сәйкестігін тексеру үшін салымшылар БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы өзінің жеке кабинетінен, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасынан немесе egov.kz порталынан онлайн режімде ала алады. Үзінді көшірмеде жеткіліктілік шегі және нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпарат қамтылады.
Сайттағы жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді: электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе ЖСН мен парольді енгізу.
Сондай-ақ, өз жинағыңыздың жай-күйін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық поштаңыздың мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы да тексере аласыз.
БЖЗҚ-дағы жинақтар туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізу үшін Қор Telegram мессенджерінде өзінің жеке ботын іске қосты, оның көмегімен де үзінді көшірме алуға болады.
Өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та тексере аласыз.
БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандардың тұрғындары тізімі https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php сайтында көрсетілген «Қазпошта» АҚ-ның авторландырылған бөлімшелеріне жүгініп, хабарлаудың кез келген ыңғайлы тәсілін таңдай алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
15.01.2021 ж.
Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге және (немесе) инвестициялық портфельдi басқарушыға беру үшiн қалай пайдалану керек?
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономикалық өсудi қалпына келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне кiрмейтiн емделуге және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшiн, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшiн пайдалануға құқықтары бар.
БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегi адамдар зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн өзiнiң, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздерi немесе жұбайы (зайыбы) не жақын туыстары үшiн емделу ақысын төлеу үшiн пайдалану құқығын қолдана алады:
1) олардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгiленген ең аз жеткiлiктiлiк шегiнен асып түсуi керек.
Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама алған күнге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегiн айқындау әдiстемесiне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырма сомасынан аспауы тиiс;
2) зейнетақы мөлшерi алушының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен белгiленетiн 40 пайыздан төмен емес деңгейдегi орташа айлық табысын алмастыру коэффициентiн қамтамасыз ете алуы керек.
Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi уәкiлеттi оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң 50 пайызынан аспауға тиiс;
3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқандар;
Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен жинақталған зейнетақы жинағының мөлшерiнен аспауы қажет.
Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн пайдалану құқығын iске асыру үшiн азаматтар, ең алдымен, өздерiнiң зейнетақы жинақтарын тексерiп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға болатын соманың бар екенiне көз жеткiзулерi тиiс.
Қордың enpf.kz корпоративтiк сайтындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасында, Telegram-да алуға болатын қолжетiмдi сома туралы ақпаратты онлайн режимiнде тексеру мүмкiндiгi iске асырылды.
Қордың корпоративтiк сайтындағы Жеке кабинетте және ұялы қосымшада авторланудың екi тәсiлi қолжетiмдi: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ, ұялы қосымшаға кейiннен қайта кiретiн болсаңыз, ұялы құрылғыңызда бар болса Touch ID немесе Face ID пайдалануға болады. Ыңғайлы болу үшiн пайдаланушы қызмет көрсетудiң қазақ немесе орыс тiлдерiн таңдай алады.
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тексергеннен кейiн зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе емделуге пайдалану туралы шешiм қабылдаған салымшылар (алушылар) арнайы шот ашу үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, бiржолғы зейнетақы төлемiне өтiнiш (бұдан әрi-төлемге өтiнiш) беру үшiн уәкiлеттi оператордың интернет — порталы арқылы уәкiлеттi операторға жүгiнулерi тиiс.
Салымшы (алушы) бiржолғы зейнетақы төлемiн алған кезiнде төлейтiн жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсiлiн өзi таңдауы тиiс (жарналарды БЖЗҚ-ға аударған кезде ЖТС алынбайтынын естерiңiзге саламыз). Ол уәкiлеттi операторға төлемге өтiнiш берген кезiнде ЖТС ұстап қалу туралы өтiнiшке таңдаған тәсiлдi көрсетiп, ЭЦҚ арқылы қол қою жолымен iске асырады.
Яғни, азаматтар БЖЗҚ-ға ЖТС бiржолғы зейнетақы төлемi сомасынан қай уақытта: төлем сәтiнде толық көлемде дереу немесе ЖТС кейiнге қалдырылған кезеңде ұстап қалу (зейнетақы төлемдерiнiң кестесi бойынша зейнетақы жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен) керектiгiн өздерi көрсетедi.
Уәкiлеттi оператор 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жiбередi, онда төлемге қабылданған өтiнiш туралы мәлiметтер, оның iшiнде алу мақсаты, ТАӘ, туған күнi, ЖСН, салымшы (алушы) айқындаған мөлшердегi бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасы, ЖТС ұстап қалу тәсiлi туралы мәлiметтер қамтылады, сондай-ақ, салымшының (алушының) ЭЦҚ қойылған ЖТС ұстап қалу туралы өтiнiшi электрондық хабарламаға қоса берiлетiн болады.
БЖЗҚ уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама алғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi операторға салымшының (алушының) бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасын аударады, ол өз кезегiнде бұл соманы салымшының (алушының) арнайы шотына аударады.
Бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасы уәкiлеттi операторда («Отбасы банк» АҚ) ашылған салымшының (алушының) арнайы шотында 45 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiнде сақталады.
Осы мерзiм iшiнде салымшы (алушы) уәкiлеттi операторға нысаналы мақсаттар бойынша құжаттарын ұсынуы тиiс. Егер ол көрсетiлген мерзiмдерде ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi оператор бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасын БЖЗҚ-ға қайтаруға тиiс, Қор ол соманы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есептейдi.
Осылайша азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мәселелерi бойынша барлық өтiнiштерi уәкiлеттi операторға «бiр терезе» қағидаты бойынша келiп түседi және қаралады. Азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтiнiш беру талап етiлмейдi. Тек салымшылар БЖЗҚ-дан алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәлiметтердi өз бетiнше онлайн тәртiбiмен алулары керек.
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алудан басқа, 2021 жылдан бастап азаматтар түрлi инвестициялық стратегияларды ұсынатын инвестициялық портфельдi басқарушыларды (ИПБ) дербес таңдау арқылы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен өздерiнiң зейнетақы жинақтарын басқаруға қатыса алады. Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ға аудару үшiн салымшы БЖЗҚ-ның өңiрлiк кеңселерiне жеке өзi жүгiну жолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы қашықтықтан БЖЗҚ-ның iшкi құжатында белгiленген нысан бойынша өтiнiш беруi қажет.
Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ға аудару үшiн пайдалану құқығын БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар, сондай-ақ, кастодиандық шарттар жасасатын, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi айқындаған, Қазақстанның қаржы нарығында ИПБ ретiнде пайда болғаннан кейiн ғана қолдануға болатынына назар аударамыз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
27.11.2020 ж.
Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есiк күнi»
«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшiн дәстүрлi iс-шараға айналды. Алайда коронавирус iндетiне (Covid-19) байланысты салымшылармен кездесудi Қор филиалдарында күндiзгi форматта өткiзу мүмкiн емес болғандықтан БЖЗҚ қызметкерлерi оны биыл екiншi рет виртуалды кеңiстiкке көшiрдi.
Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегiмен онлайн форматтағы iс-шараға қатысып, үйiнен шықпай-ақ, «Ашық есiк күнi» шарасына қатыса алды.
Бұл жолы кездесу шеберлiк сабағы форматында өттi, өйткенi, негiзгi қатысушылар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi болды. Ал iс-шара «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi. Зейнетақыны жоспарлау» атты тақырыпқа арналды.
Жастардан құралған мақсатты аудитория кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткенi, студенттердiң басым бөлiгi жақын арада БЖЗҚ салымшыларына айналады. Ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын да дәл осы кезең аралығында жүргiзу қажет. Ең маңызды нәрсе, жас ұрпақтың Қордың жұмысы, ұсынатын қызметтерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушысы бола отырып, зейнетақы жарналарын өзiнiң жеке зейнетақы шотына аударудың маңыздылығы туралы мағлұмат алуы болмақ. Өйткенi, жастардың өз болашағы үшiн азаматтық, моральдық жауапкершiлiгi мен өзiн-өзi лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуге деген талпынысын дамыту аса маңызды iс.
Iс-шараға қатысқан адамдар саны елiмiз бойынша жоғары деңгейдi көрсеттi, қатысушылардың әрқайсысы «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзудiң электрондық форматына ризашылықтарын бiлдiрдi. Өз кезектерiнде олар Қор қызметкерлерiнiң елiмiздiң зейнетақы жүйесi туралы қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты қолжетiмдi әрi түсiнiктi етiп ұсына алғандарын атап өттi.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
13.11.2020 ж.
Хабарландыру-аңдатпа
«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері — Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.
Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға Сілтеме https://enpf.webex.com бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 889 5551 және event-мәжіліс паролін hQMf енгізіңіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 12:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 228 0976 және event-мәжіліс паролін AWj8 енгізіңіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 15:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 554 3708 және event-мәжіліс паролін reSS енгізіңіз.
Қатысушылардың қосылуға қатысты сұрақтары болса 87778960322 телефон нөміріне қонырау шалуыңызға болады.
28.08.2020 ж.
«Ашық есiк күнi» — онлайн пiшiмде
«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алымшылары мен салымшылары үшiн дәстүрлi шараға айналды. Алайда коронавирус iндетiнiң (Covid-19) өршуiне байланысты Қор филиалдарында салымшылармен кездесулердi жүзбе-жүз өткiзу мүмкiн болмағандықтан БЖЗҚ қызметкерлерi оны виртуалды кеңiстiкке ауыстырды.
Қордың әрбiр салымшысы онлайн платформа арқылы «Ашық есiк күнi» шарасына үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ қосылуға мүмкiндiк алды.
Шараның тақырыбы — «Алғашқы жарна — БЖЗҚ-ға қош келдiңiз» деп аталды. Осы арқылы зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылған 1 миллионнан астам жаңа салымшылар Қордың мақсатты аудиториясына айналды.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға түзетулер мен өзгертулер енгiзуге байланысты мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне келудiң қажетi жоқ. Шот алғашқы жарна түскен бойда автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның жеке басын куәландыру МЗЖ төлеу барысында төлем тапсырмасында көрсетiлген дербес деректер ( аты-жөнi, ЖСН, туған жылы) арқылы жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер , тұрғылықты мекен-жайы туралы мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Нәтижесiнде автоматтандырылған үрдiстердiң көмегiмен 2019 жылы МЗЖ бойынша 398 376 шот ашылса, үстiмiздегi жылы бұл сан 1 миллион жаңа шотқа көбейдi. Осы ретте ЖЗШ жайында автоматты түрде ақпарат алу тәсiлi Қорға жеке өтiнiш беру болып табылады.
Шараға қосылғандардың әрқайсысы өздерiн толғандырған барлық мәселелер бойынша БЖЗҚ мамандарынан кеңестер алды, сондай-ақ, заманауи және шұғыл ақпараттандыру тәсiлдерi туралы хабардар болды. Мәселен, бұл enpf.kz ресми сайты немесе Android және IOS жүйелерiне арналған мобилдi қосымша. Олардың көмегiмен кез-келген салымшы ЖЗШ туралы үзiндi көшiрменi алып, зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, келiсiмшарт деректемелерiн, өзге де қызмет түрлерiн көре алады.
Елiмiз бойынша өткiзiлген шара қатысушылардың көптiгiмен ерекшелендi, әрбiр салымшы зейнетақы жүйесi бойынша қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алғандарына ризашылық сезiмдерiн бiлдiрдi және «Ашық есiк күнi» шарасын жаңа пiшiмде өткiзуге iзденiс бiлдiрген Қор қызметкерлерiнiң шығармашылық қадамдарын айрықша атап өттi.
20.08.2020 ж.
«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз».
2020 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында автомат түзімде бір миллионнан астам жаңа жеке зейнетақы шоты ашылды. Көптеген салымшы үшін алдағы «Ашық есік күні» Қор қызметімен және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесімен танысу үшін керемет мүмкіндік болғалы тұр.
Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары зейнетақыны жоспарлау туралы, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың жедел тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, сондай-ақ барлық қызықтыратын мәселе бойынша білікті кеңес береді.
«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 10:00-де онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 124 0757 мен event-жиналыс паролі bfFD енгізіледі.
«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 12:00-де онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 023 6687 мен event-жиналыс паролі 7cnT енгізіледі.
«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 15:00-де онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 899 1692 мен event-жиналыс паролі M8hw енгізіледі.
Қатысушылардың қосылуға қатысты сұрақтары болса 87778960322 телефон нөміріне қонырау шалуыңызға болады.
10.08.2020 ж.
«БЖЗҚ» АҚ филиалдары тамыз айында қалай жұмыс iстеуде?
Карантин жағдайында тұрғындар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өңiрлiк филиалдарында келесi жұмыс режимiн ұйымдастырды.
Алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету режимi сегiз облыстық филиалдарда — Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарында, сондай Жезқазған қаласындағы өңiрлiк филиал мен Нұр-Сұлтан қаласында ( Республики 4 даңғылы мекенжайы бойынша бөлiмшеде) жүргiзiлетiн болады.
Жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз филиалға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртiбi 9:00-ден 18: 00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.
Түскi үзiлiс кезiнде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейiн операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртiп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында жұмыс үстелiнiң үстiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екi техникалық үзiлiс қарастырылған.
Қалған облыстарда 31 тамызға дейiн аймақтағы жағдайларды ескере отырып, бiрқатар шектеу шаралары күшiнде қалдырылады. БЖЗҚ кеңселерi қашықтан қызмет көрсету және құжаттарды байланыссыз қабылдау қызметтерiн көрсетедi.
Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейiн созылады. Байланыссыз қызмет көрсететiн филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.
Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);
- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.
- I/II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;
- мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, соның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келiсiм-шартқа қосылу туралы өтiнiштi ресiмдеу;
БЖЗҚ қызметiнiң өзге де түрлерiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде ала аласыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).
БЖЗҚ сондай-ақ, аймақтарда қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, көшпелi қызметiн ұйымдастырды. Бұл ретте алдын ала кеңес беру де жүзеге асырылады (соның iшiнде сапарға шықпай, қызметтердi қашықтан алуға болатын мүмкiндiктi тексеру). Азаматтарға көшпелi қызмет көрсету барысында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу (соның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келiсiм-шартқа қосылу туралы өтiнiштi ресiмдеу) қызметтерi көрсетiледi. Сондай- ақ, Қордың қызмет түрлерi тұрғындардың әлеуметтiк осал топтары санатына жататын ( мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген 1-2 топтардағы жандар) салымшыларға (алушылар) санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, көрсетiледi.
Сонымен қатар Қор қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан көрсетiлетiн қызметтердi төмендегi тәсiлдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан да дайын:
1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);
2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;
3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;
4) Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;
5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;
6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.
Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы ("Қазпошта" АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.
«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалдарының тiзiмi мен олардың жұмыс режимдерi Қор сайтында қолжетiмдi.
26 ақпан 2021
26 ақпан 2021