Бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі және бірыңғай конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдары үшiн құрылған бiрыңғай конкурстық комиссия шештi:

  1. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымына «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi бас маманына орналасуға — Нұргүл Аманғалиқызы Самархан ұсынылсын.
  2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қоғамдық және этномәдени бiрлестiктермен жұмыс жөнiндегi бас маманына орналасуға Әсет Құрманұлы Шоғжанов ұсынылсын.
  3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жетекшi маманы құрылысшы-сәулетшi, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы ауыл шаруашылығы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы-заңгер, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы-бухгалтер әкiмшiлiк мемлекеттiк бос лауазымдарға кандидаттардың жоқтығына байланысты конкурс өткен жоқ деп танылсын.
Жарияланған күні

17 ақпан 2021

Жаңарту күні

17 ақпан 2021