Эвакуациялау пункт бойынша мақала
Жарияланған күні: 18 сәуір 2024
Жаңарту күні: 18 сәуір 2024
Көру саны:6
Есіл өзенінің жағалауында облыста қалыптасқан қиын жағдайға байланысты, 2024 жылғы 14 сәуірде Мамлют санаторлық мектеп интернатына Соколовка коррекциялық мектеп — интернатынан 55 бала және 4 тәрбиеші эвакуацияланды. Интернатта тұру және тамақтандыру ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары А. Тайменова төтенше жағдай бөлімінің бастығы А.Р. Бекчентаевпен, аудан әкімінің төтенше жағдай жөніндегі бас инспекторы М.М. Қожаевпен, мектеп әкімшілігімен және өрт қауіпсіздігі мен эвакуациялауға жауаптылармен бірлесіп балалардың тұратын орнын, эвакуациялау жолын және өрт қауіпсіздігін тексерді. Барлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді және ұйымдастырылды.









Жарияланған күні
18 сәуір 2024
Жаңарту күні
18 сәуір 2024