2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қызметі туралы есеп 

2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қызметі туралы есеп 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны-58 қызмет.

2025 жылы СҚО Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 1624 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

* көрсетілетін қызметті берушілер кеңсе арқылы (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен) - 0 (0%)

* көрсетілетін қызметті берушілер балама негізде кеңсе арқылы қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 16 (1%)

* көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 123 (7,6 %)

* көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде көрсетілген ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 0 (%)

* ХҚКО арқылы-47 (2,9%)

* «электрондық үкімет» және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы-1438 (88,5%)

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер, атап айтқанда «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылған.

Мамлют ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» парақшасы бар, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, «Электрондық үкімет» порталында электрондық қызметтерді пайдаланушыларға арналған нұсқаулық, ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсететін қызметтер тізбесі, Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жыл сайынғы есеп, талқылауға арналған мемлекеттік қызметтер жобалары, мемлекеттік қызметтер тізілімі орналастырылған.

Мамлют ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша 13 бастамашыл ұсыныс енгізілді.

Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу шеңберінде 6000 данадан астам электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық брошюралардың 8 түрі әзірленіп, таратылды. 

2025 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету секторы арқылы электронды түрде 5882 қызмет көрсетілді.

Аудан әкімінің аппараты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер» мемлекеттік қызмет бойынша 4000-нан астам бейнеролик әзірлеп, YouTube-те жариялады.

Халықты пайдалану дағдыларына оқыту мақсатында «Egov.kz» 2025 жылы аудан әкімі аппаратының Facebook парақшасында электронды қызметтерді өз бетінше алу бойынша бейнероликтер мен нұсқаулықтар жарияланды, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында аппарат, бөлімдер және ауылдық округ мамандары оқытады, сондай-ақ желілік кестеге сәйкес 1513 адам оқытылды (растайтын материалдар қоса беріледі).

Жергілікті атқарушы органдар 2025 жылы қызметтерді сапалы ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 129 түсіндіру іс – шаралар өткізді, Facebook ресми парақшасында жарияланды, халықты қамту-26825 адам құрады.

«Аmanat» партиясының Мамлют аудандық филиалының қатысуымен 12 азаматтарды қабылдау өткізілді, осы іс-шара шеңберінде 12 адам қабылданды, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ «Мамлют № 2 орта мектеп» КММ,  «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ «Қызыләскер орта мектебі» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ «Андреевка орта мектебі» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ «Воскресеновка орта мектебі» КММ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 4 объектіге  қолжетімділік бойынша мониторинг жүргізілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 10 бақылау іс-шара өткізілді («Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ – нәтижесінде 25 бұзушылық факті анықталды.

 Жоғарыда көрсетілген фактілерді қарау нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты тұлғаға тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланды.

2025 жылы ішкі бақылау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзуды алдын алу бойынша 22 құқықтық жалпы оқыту өткізілді.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетушілерге шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын және уақытында көрсетуді бұдан  әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Бұдан әрі тиімділік мақсатында: мемлекеттік органдардың жұмысына ай сайын талдаулар, оқыту семинарлар өткізіледі, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету бойынша ауылдық округтер әкімдіктеріне бару жалғастырылады.

Жарияланған күні

02 наурыз 2026 17:48

Жаңарту күні

03 наурыз 2026