«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары туралы ережелерді бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары туралы ережелерді бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі – Ереже):
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Толық атауы: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы: индекс 150911, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Новомихайловка ауылы, Победа көшесі, 84 ғимарат.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап бір ай мерзімде Ереженің тіркеу органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
14