Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы

                               

                                                                                                                                                         ЖОБА

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданының

 2025-2027 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 91-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4841056 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1366463 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30804 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3443789 мың теңге;

2) шығындар – 4841056 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9608 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 31456 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21848 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9608 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – 9608 мың теңге;

қарыздар түсімі – 31456 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21848 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген аудандық маңызы бар қала, ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген, кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы:

жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

тұрғылықты жері – қалған жеке тұлғалар үшін;

2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;

3) облыстық мәслихат белгілеген, кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;

6) мыналардан:

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;

7) акциздер:

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түрлеріне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға;

8) аудандық маңызы бар қала, ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

9) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

10) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

11) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

12) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

13) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;

14) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы               үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

15) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.

  1. Аудандық бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

ауданның коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

ауданның коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

3) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар;

5) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;

6) шетелдіктер үшін туристік жарналар;

7) аудандық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Аудандық бюджеттің кірістері мына негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

3) аудандық маңызы бар қала, ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы;

  1. Аудандық бюджеттің түсімдері:

аудандық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық бюджеттің есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.

  1. 2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінде аудандық бюджеттен бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін:

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 118183 мың теңге сомасында;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне – 56222 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 43903 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 99370 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 144768 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 51177 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне – 44380 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 45073 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 180261 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 38456 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 49676 мың теңге;

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – 222549 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерде ескерілсін:

1) 15885 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту (жөргектер) – 14241 мың теңге,

санаторлық-курорттық емделу – 1644 мың теңге.

2) 26059 мың теңге - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

3) 2714 мың теңге - азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

4) 15055 мың теңге - халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер келесі көлемдерде ескерілсін:

601875 мың теңге - ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, соның ішінде:

Краснознамен ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға – 203757 мың теңге;

Воскресеновка ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға – 398118 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер келесі көлемдерде ескерілсін:

1) 47752 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Дубровное ауылдық округі, Дубровное ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, Дубровное ауылының сумен жабдықтау жүйесін салуға;

2) 7524 мың теңге – Новомихайлов ауылдық округінің Бексейіт ауылының сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

3) 7207 мың теңге – Становое ауылдық округінің Афонькино ауылындағы сукернеуіш құрылыстарды салуға;

4) 18362 мың теңге - Дубровное ауылдық округі Михайловка ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

5) 36979 мың теңге – Воскресенов ауылдық округінің Воскресеновка ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

6) 106029 мың теңге – Краснознамен ауылдық округінің Краснознамен ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

7) 152703 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға (2 кезек);

8) 124231 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға (3 кезек);

9) 85203 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Степное ауылы мекенжайы бойынша 400 басқа сүт-тауар фермасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға (сыртқы электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау желілері);

10) 224022 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Скачков көшесі 66В мекенжайы бойынша дене                 тәрбиесi-сауықтыру кешенін салуға;

11) 31554 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Скачков көшесі 66В мекенжайы бойынша дене                 тәрбиесi-сауықтыру кешенін салуға (сыртқы электрмен жабдықтау желілері);

12) 100000 мың теңге - КТММ-214 «Челябинск-Новосибирск-Белое» 0-4,0 километр халықаралық маңызы бар автомобиль жолы» аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге;

13) 60000 мың теңге - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға;

14) 50000 мың теңге – Мамлют ауданы Мамлютка қаласында көшелерді орташа жөндеуге;

15) 50000 мың теңге - Мамлют ауданы, Новомихайлов ауылдық округі Бексейіт ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге;

16) 78212 мың теңге - Мамлют ауданы, Новомихайлов ауылдық округі Минкесер ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге;

17) 50000 мың теңге - Мамлют ауданы, Новомихайлов ауылдық округі Новомихайловка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге;

18) 71953 мың теңге - Мамлют ауданы Дубровное ауылындағы мәдени-бос уақыт ойын-сауық орталығы ғимаратын күрделі жөндеуге;

19) 114295 мың теңге - Мамлют ауданы Бике ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;

20) 50000 мың теңге – Мамлют ауданы Воскресеновка ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;

21) 50000 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылы ауданында антенналық-мачталық құрылыстар салуға;

22) 2699 мың теңге - аудан орталықтары бас жоспарын түзетуге және түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге;

23) 23118 мың теңге - ауылдық елді мекендерді дамыту және құрылысы сызбасын кезеңдік әзірлеуге және түзетуге;

24) 19733 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:

санаторлық-курорттық емделу – 1750 мың теңге;

протездік-ортопедиялық құралдар – 8219 мың теңге;

сурдотехникалық құралдар - 997 мың теңге;

тифлотехникалық құралдар - 4031 мың теңге;

арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло – арбалар) - 2349 мың теңге;

жаңа бастамалар – 2387 мың теңге.

25) 44000 мың теңге – суды тазарту кешенді блок модульдерін сатып алуға және орнатуға, соның ішінде:

Леденев ауылдық округі Новоандреевка ауылында – 8800 мың теңге,

Белое ауылдық округі Коваль ауылында – 8800 мың теңге,

Становое ауылдық округі Орел ауылында – 8800 мың теңге,

Бике ауылдық округі Дачное ауылында – 8800 мың теңге,

Бике ауылдық округі Октябрь ауылында – 8800 мың теңге;

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 31456 мың теңге сомада республикалық бюджеттен мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек түрлері бойынша шығындар 47129 мың теңге сомасында 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 27796 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.
  5. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.

15.Күші жойылды деп танылсын:

1) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 36/2 шешімі;

2) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының                           «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 36/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 38/2 шешімі.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

 

 

          Солтүстік Қазақстан облысы

        Мамлют ауданы мәслихатының

                            төрағасы                                                              Ж. Кәрімова