«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ТАЛДАУ АНЫҚТАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша
ТАЛДАУ АНЫҚТАМА
Мамлют ауданы әкімінің аппараты басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 09 бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда нұсқалған бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын мерзім: 2023 жылғы 01 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі: 22 күнтізбелік күн, 2024 жылғы 05 маусымнан бастап 26 маусымға дейін.
Жұмыс тобының құрамы:
|
Қонтаева Динара Тойғұлықызы |
- |
жалпы бөлім басшысы, топтың басшыс |
|
Әбділманов Тохтар Абайұлы |
- |
персоналды басқару қызметінің басшысы |
|
Джапабаев Әлихан Алдиярұлы |
- |
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы |
|
Мушарапова Аида Хасановна |
- |
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер;
- Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер.
- НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.
Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығы.
1.1. Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесіндегі қайшылықтар және қарама қайшылықтар.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартының 3-тармағында (Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына 2 қосымша) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нұсқалған тіркеу нөмірінде сәйкессіздіктер бар, атап айтқанда орыс тілінде «Плата за пользование жилищем составляет ________ тенге в месяц. Расчет размера платы осуществляется в соответствии с Методикой расчета размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 августа 2011 года № 306 «Об утверждении Методики расчета размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7232)» қазақ тілінде «Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем айына ____ теңгені құрайды. Төлем мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7163) болып тіркелген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады».
Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесіндегі қайшылықтар және қарама қайшылықтар, соларды қолданғанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгілерінің пайда болуын туғызады.
Ұсыныс:
1) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына нормативтік құқықтық актідегі қайшылықты жою жөнінде ұсыныс енгізу.
2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.
2.1. Персоналды басқару.
2.1.1. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Аппаратта Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі (бұдан әрі-Кодекс) қолданысқа енгізілген күнінен бастап жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісімен айқындалмаған.
Кодекстің 23-бабы 2-тармағы 20) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті.
Кодекстің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.
Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.
Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
Жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.
Ұсыныс:
2) жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібін айқындау туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
2.2.1. мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функциялары жүктелген адамның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республика Заңының 15-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тікелей басшы не ұйымның басшылығы адамдардың өтініштері бойынша басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде тиісті шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.
Алайда, аппаратта мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функциялары жүктелген тұлға жоқ.
Ұсыныс:
3) мүдделер қақтығысын мониторингілеу және реттеу жөніндегі функцияларды жауапты тұлғаға жүктеу.
2.3. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
2.3.1. әкімшілік рәсімдерді жүргізудің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Талдау барысында аппаратта регламент жоқ екендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 1-тармағына сәйкес өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша Мемлекеттік орган регламентті қабылдайды.
Ұсыныс:
4) Аппараттың қызметтін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент әзірлеу және қабылдау.
2.3.2. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын комиссияның болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Сондай-ақ, талдау барысында аппаратта мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын келісім комиссиясы жоқ екені анықталды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республика Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес келісу комиссиясы – Тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республика Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.
Келісім комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің өтінішін қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған жағдайда Тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді.
Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.
Осылайша, әлеуетті өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгіну құқығына нұқсан келтіріледі.
Ұсыныс:
5) келісім комиссиясы туралы бұйрық әзірлеу және қабылдау.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жұмыс тобының басшысы:
1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 3 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.
Аппарат басшысы Ж. Нұрмұқанова
КЕЛІСІЛДІ:
|
Қонтаева Динара Тойғұлықызы |
- |
жалпы бөлім басшысы, топтың басшыс |
|
Әбділманов Тохтар Абайұлы |
- |
персоналды басқару қызметінің басшысы |
|
Джапабаев Әлихан Алдиярұлы |
- |
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы |
|
Мушарапова Аида Хасановна |
- |
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
19