Қаулы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын оқушыларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 275 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15506897 2025 жылғы 2 сәуірде аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
13