Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты.» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы  7 тамыздағы № 294 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15632 болып тіркелген) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют  ауданының ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары туралы ережелерді бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15482884   2025 жылғы 11 наурызде аталған жоба түсініктеме жазбамен жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

Жарияланған күні

13 наурыз 2025 08:51

Жаңарту күні

13 наурыз 2025