Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамына 49 жыл мерзімге электр беру желісін пайдалану үшін (10-кВ электр беру желілері № 6 фидер «Боголюбово-Зерноток») Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінде аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,2450 гектар, оның ішінде жолдар 0,2450 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Степаненко
6