Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай - жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15400063 2025 жылғы 14 қаңтарда аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
16