Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай - жоба) әзірленді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15399952 2025 жылғы 14 қантарда аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

Жарияланған күні

14 қаңтар 2025 18:31

Жаңарту күні

14 қаңтар 2025