Баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 1-15 қыркүйек аралығында СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырды. Арнайы комиссияның қарауына 1 өтінім келіп түсті:

  1. «Формула слуха» ЖШС директор Воронова Наталья Викторовна Петропавл қ. – коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді көрсету бойынша қызмет, әлеуметтік сүйемелдеу бойынша қызметтер (3-санат).

Ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті. Қаралған өтініштің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оң шешім қабылдады.

Мақұлданған өтініш бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберілетін болады.

Жарияланған күні

21 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

21 қыркүйек 2022