Инвестиция

Солтүстік-Қазақстан облысының 2023 жылғы
қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Негізгі капиталға инвестициялар.

2023 жылғы қаңтар-қарашадағы қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 382 087 млн. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас кезеңге 122,3% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 49,9%), мемлекеттік бюджеттен (17,7%), кредиттері (4,2%) және басқа қарыздық қаражат (28,2%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (42,6%), көлік және қоймалау (22,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,9%), өнеркәсіп (15,2%).