Сауда

Бөлімнің міндеті – сауда саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету

САУДАНЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

  • облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының салалық бөлімін әзірлеу;
  • бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлімдерін іске асыруды үйлестіру және мониторингілеу, олар бойынша есептер дайындау;
  • ішкі сауданың дамуына талдау жүргізу;
  • өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту бойынша ұсыныстарды есептеуді жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыну;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар дайындау және жолдау;
  • тиісті заңнамада бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдары бағасының мониторингі;
  • бейбіт уақытта және жұмылдыру кезеңінде төтенше жағдайлар кезінде облыстық Сауда және тамақтану қызметтерінің, жанар-жағармай материалдарының жұмысын ұйымдастыру.