Жер қойнауын пайдалану

Жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлімі кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша рұқсат беру функцияларын көрсетеді.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, құрылысқа өтінімдерді қарау және лицензиялар беру;
  2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;
  3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  4. Комиссияны қалыптастыру және жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды қабылдау;
  5. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
  6. Келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды және кең таралған пайдалы қазбалар және ізденіс өндіруге арналған лицензияларды қайтарып алуды қамтамасыз ету;
  7. Берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  8. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
  9. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;