Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеге өсті

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында13,97 трлн теңгезейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде (01.09.2021ж. - 01.09.2022 ж.) сома1,02 трлнтеңгеге немесе7,9 %өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен13,6 трлн теңгеніқұрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары416,0 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен3,0 млрд теңге.

Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейе түсуде. 2022 жылдың сегіз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен1,1 трлн теңгезейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе246,7 млрд теңгегекөп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің95,3%БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды –1,0 трлн теңге(соңғы 12 айдағы өсім 29%), МКЗЖ бойынша50,1 млрд теңге(өсім 37%) түссе, ЕЗЖ бойынша1,6 млрд теңге(өсім 293%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйегі аралығында шамамен694,7 млрд теңгеніқұраған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны12,0 млнбірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды –10 907 012 бірлік. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар581 410 бірлікболса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы шоттарының саны346 793 бірліккежетті.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына1 триллион теңгеденасатын сома төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады –868,3 млрд теңге.Жасына байланысты төлемдер –75,9 млрд теңге,мұрагерлік бойынша төлемдер –43,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер –34,0 млрд теңге,сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен17,5 млрд теңге,жерлеуге арналған төлемдер –3,7 млрд теңгежәне мүгедектік бойынша төлемдер –1,6 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты)29 859 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем707 326 теңгеболды.

Жарияланған күні

05 қазан 2022

Жаңарту күні

05 қазан 2022