2022 жылғы 1 тамыздағы облыс бюджетінің атқарылуы

2022 жылғы 1 тамыз жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 48 651,8 млн.теңгеден 53 524,4 млн.теңге немесе 110,0% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 4 872,6 млн.теңге.

Облыстық бюджетке жоспардағы 23 945,9 млн.теңгеден 25 758,3 млн.теңге немесе 107,6% түсті. Асыра орындау - 1 812,4 млн.теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 24 705,9 млн.теңгеден 27 766,1 млн.теңге немесе 112,4% түсті. Асыра орындау – 3 060,2 млн. теңге.

2022 жылғы 1 тамыз жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 99,3%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 228 847,6 млн.теңгеден шығыстар 227 260,5 млн.теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 1 587,1 млн.теңге сомасында қалыптасты.

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 99,0% құрады, немесе жоспардағы 77 220,4 млн.теңгеден шығыстар 76 424,4 млн.теңгеге атқарылды, игерілмегені 796,0 млн.теңге.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 791,1 млн.теңге немесе 99,5% құрады.

Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

Петропавл қ. – 731,7 млн.теңге (96,7%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 119,1 млн.теңге (97,6%), ЖБ – 612,6 млн.теңге (96,4%);

Мамлют ауданы – 56,7 млн.теңге (96,6%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 30,2 млн.теңге (95,8%), ЖБ – 26,5 млн.теңге (97,2%);

Уәлиханов ауданы – 45,7 млн.теңге (96,2%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 39,1 млн.теңге (86,0%), ЖБ – 6,6 млн.теңге (99,3%);

Ғ. Мүсірепов ауданы – 43,5 млн.теңге (98,5%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 23,2 млн.теңге (97,1%), ЖБ – 20,3 млн.теңге (99,0%);

Айыртау ауданы – 30,8 млн.теңге (98,7%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 30,0 млн.теңге (96,1%), ЖБ – 0,9 млн.теңге (99,9%).

Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 381,8 млн.теңге (94,8%), оның ішінде РБ-дан НТ – 380,8 млн.теңге (78,0%), ЖБ – 1,0 млн.теңге (100%);

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 115,1 млн.теңге (97,5%), оның ішінде РБ-дан НТ – 101,1 млн.теңге (95,7%), ЖБ – 14,0 млн.теңге (99,4%);

Білім басқармасы – 71,4 млн.теңге (99,9%), оның ішінде РБ-дан НТ – 47,0 млн.теңге (99,8%), ЖБ – 24,4 млн.теңге (99,9%).

2022 жылғы 1 тамыздаға облыс бюджетінің атқарылуы

млн.теңге

Атауы 2022 ж. 01.08 нақтыланған жоспар соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ
Айыртау 2 317,8 762,3 1 555,5 2 287,0 732,3 1 554,7 98,7 96,1 99,9 -30,8 -30,0 -0,9
Ақжар 2 210,8 1 340,5 870,3 2 202,5 1 338,7 863,8 99,6 99,9 99,2 -8,4 -1,8 -6,6
Аққайың 1 406,1 339,8 1 066,3 1 404,7 339,6 1 065,2 99,9 99,9 99,9 -1,4 -0,2 -1,1
Есіл 1 910,9 733,0 1 177,8 1 909,3 732,9 1 176,4 99,9 100,0 99,9 -1,6 -0,1 -1,5
Жамбыл 1 825,2 632,8 1 192,4 1 814,8 626,6 1 188,3 99,4 99,0 99,7 -10,4 -6,2 -4,1
М.Жұмабаев 2 647,1 811,6 1 835,4 2 645,9 811,5 1 834,4 100,0 100,0 99,9 -1,1 -0,1 -1,0
Қызылжар 2 030,8 628,3 1 402,5 2 028,4 627,8 1 400,6 99,9 99,9 99,9 -2,4 -0,4 -1,9
Мамлют 1 685,2 724,1 961,0 1 628,5 694,0 934,5 96,6 95,8 97,2 -56,7 -30,2 -26,5
Ғ.Мүсірепов 2 877,3 799,8 2 077,5 2 833,8 776,5 2 057,3 98,5 97,1 99,0 -43,5 -23,2 -20,3
Тайынша 3 517,7 1 908,1 1 609,7 3 502,3 1 905,8 1 596,6 99,6 99,9 99,2 -15,4 -2,3 -13,1
Тимирязев 870,1 173,9 696,2 867,2 173,5 693,7 99,7 99,8 99,6 -2,9 -0,3 -2,5
Уәлиханов 1 190,7 279,5 911,2 1 145,0 240,4 904,6 96,2 86,0 99,3 -45,7 -39,1 -6,6
Шал ақын 1 806,6 702,7 1 103,9 1 799,2 701,6 1 097,6 99,6 99,8 99,4 -7,5 -1,1 -6,4
Аудандар бойынша жиыны 26 296,3 9 836,4 16 459,9 26 068,7 9 701,2 16 367,5 99,1 98,6 99,4 -227,6 -135,2 -92,4
Петропавл қ. 21 985,3 4 875,3 17 109,9 21 253,5 4 756,2 16 497,3 96,7 97,6 96,4 -731,7 -119,1 -612,6
Облыстық 180 566,1 62 508,7 118 057,4 179 938,3 61 967,0 117 971,3 99,7 99,1 99,9 -627,8 -541,6 -86,1
БАРЛЫҒЫ 228 847,6 77 220,4 151 627,3 227 260,5 76 424,4 150 836,1 99,3 99,0 99,5 -1 587,1 -796,0 -791,1
Жарияланған күні

22 тамыз 2022

Жаңарту күні

22 тамыз 2022