2022 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы

2022 жылғы 1 шілде жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 44 135,9 млн. теңгеден 46 539,3 млн. теңге немесе 105,4% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 2 403,4 млн. теңге.

Облыстық бюджетке жоспардағы 21 126,5 млн. теңгеден 21 538,1 млн. теңге немесе 101,9% түсті. Асыра орындау - 411,6 млн. теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 23 009,4 млн. теңгеден 25 001,2 млн. теңге немесе 108,7% түсті. Асыра орындау – 1 991,8 млн. теңге.

2022 жылғы 1 шілде жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 99,8%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 182 806,8 млн. теңгеден шығыстар 182 469,8 млн. теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 336,9 млн. теңге сомасында қалыптасты.

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 99,8% құрады, немесе жоспардағы 53 277,2 млн. теңгеден шығыстар 53 153,3 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 123,9 млн. теңге.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 213,0 млн. теңге немесе 99,8% құрады.

Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

Петропавл қ. – 146,9 млн. теңге (99,1%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 19,0 млн. теңге (99,3%), ЖБ – 127,9 млн. теңге (99,1%);

М.Жұмабаев ауданы – 70,2 млн. теңге (96,1%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 62,3 млн. теңге (89,5%), ЖБ – 7,9 млн. теңге (99,3%);

Тимирязев ауданы – 14,5 млн. теңге (98,0%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 6,2 млн. теңге (95,8%), ЖБ – 8,2 млн. теңге (98,6%).

Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы – 20,0 млн. теңге (99,9%), оның ішінде РБ-дан НТ – 17,9 млн. теңге (99,9%), ЖБ – 2,1 млн. теңге (100%);

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы – 10,3 млн. теңге (98,7%), оның ішінде РБ-дан НТ – 1,7 млн. теңге (98,3%), ЖБ – 8,6 млн. теңге (98,7%).

2022 жылғы 1 шiлдеге облыс бюджетiнiң атқарылуы

млн. теңге

Атауы 2022 ж. 01.07 нақтыланған жоспар соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ
Айыртау 1 590,3 373,9 1 216,4 1 589,8 373,5 1 216,3 100,0 99,9 100,0 -0,5 -0,4 -0,1
Ақжар 1 288,2 582,0 706,2 1 284,0 582,0 702,1 99,7 100,0 99,4 -4,2 0,0 -4,2
Аққайың 1 036,0 220,4 815,6 1 035,2 220,2 815,0 99,9 99,9 99,9 -0,8 -0,2 -0,6
Есіл 1 553,7 568,9 984,9 1 551,8 568,8 982,9 99,9 100,0 99,8 -2,0 -0,1 -1,9
Жамбыл 1 386,6 535,3 851,4 1 386,3 535,2 851,1 100,0 100,0 100,0 -0,3 -0,1 -0,2
М.Жұмабаев 1 811,1 594,8 1 216,3 1 740,9 532,5 1 208,4 96,1 89,5 99,3 -70,2 -62,3 -7,9
Қызылжар 1 556,1 358,8 1 197,3 1 553,9 358,4 1 195,5 99,9 99,9 99,8 -2,2 -0,4 -1,8
Мамлют 1 063,6 315,6 748,0 1 058,8 315,1 743,7 99,6 99,8 99,4 -4,8 -0,6 -4,2
Ғ.Мүсірепов 2 374,7 624,7 1 750,0 2 372,7 624,7 1 748,0 99,9 100,0 99,9 -2,1 0,0 -2,0
Тайынша 2 515,4 1 259,1 1 256,3 2 512,1 1 258,9 1 253,2 99,9 100,0 99,8 -3,3 -0,3 -3,0
Тимирязев 737,9 149,0 588,9 723,4 142,8 580,6 98,0 95,8 98,6 -14,5 -6,2 -8,2
Уәлиханов 935,1 196,2 738,9 934,1 196,0 738,1 99,9 99,9 99,9 -1,0 -0,2 -0,8
Шал ақын 1 346,9 571,0 775,9 1 345,7 570,1 775,6 99,9 99,8 100,0 -1,2 -0,9 -0,3
Аудандар бойынша жиыны 19 195,7 6 349,8 12 845,9 19 088,6 6 278,1 12 810,5 99,4 98,9 99,7 -107,0 -71,6 -35,4
Петропавл қ. 17 019,3 2 888,9 14 130,4 16 872,4 2 869,8 14 002,5 99,1 99,3 99,1 -146,9 -19,0 -127,9
Облыстық 146 591,9 44 038,6 102 553,2 146 508,9 44 005,4 102 503,5 99,9 99,9 100,0 -83,0 -33,2 -49,8
БАРЛЫҒЫ 182 806,8 53 277,2 129 529,5 182 469,8 53 153,3 129 316,5 99,8 99,8 99,8 -336,9 -123,9 -213,0
Жарияланған күні

20 шілде 2022

Жаңарту күні

20 шілде 2022