2021 жылғы 1 желтоқсандағы облыс бюджетінің атқарылуы

2021 жылғы 1 желтоқсан жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 60 228,9 млн.теңгеден 62 678,2 млн.теңге немесе 104,1% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 2 449,3 млн.теңге.

Облыстық бюджетке жоспардағы 29 203,9 млн.теңгеден 29 989,3 млн.теңге немесе 102,7% түсті. Асыра орындалу 785,4 млн.теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 31 025,0 млн.теңгеден 32 688,9 млн.теңге немесе 105,4% түсті. Асыра орындалу 1 663,9 млн.теңге.

2021 жылғы 1 желтоқсан жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 95,6%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 328 815,0 млн.теңгеден шығыстар 314 510,7 млн.теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 14 304,3 млн.теңге сомасында қалыптасты.

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 92,2% құрады, немесе жоспардағы 124 630,6 млн.теңгеден шығыстар 114 905,7 млн.теңгеге атқарылды, игерілмегені 9 724,9 млн.теңге.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 4 579,4 млн.теңге немесе 97,8% құрады.

Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

Ғ. Мүсірепов ауданы – 385,0 млн.теңге (95,2%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 266,9 млн.теңге (94,1%), ЖБ – 118,2 млн.теңге (96,6%);

Жамбыл ауданы – 377,3 млн.теңге (89,4%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 349,3 млн.теңге (82,5%), ЖБ – 28,0 млн.теңге (98,2%);

Қызылжар ауданы – 362,2 млн.теңге (88,5%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 335,3 млн.теңге (74,4%), ЖБ – 26,9 млн.теңге (98,5%);

Тайынша ауданы – 347,1 млн.теңге (93,6%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 257,7 млн.теңге (91,4%), ЖБ – 89,4 млн.теңге (96,3%);

Мамлют ауданы – 346,0 млн.теңге (92,0%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 263,4 млн.теңге (88,9%), ЖБ – 82,6 млн.теңге (95,7%);

Шал ақын ауданы – 338,1 млн.теңге (91,9%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 266,8 млн.теңге (87,6%), ЖБ – 71,3 млн.теңге (96,5%);

Петропавл қаласы – 6 977,5 млн.теңге (85,4%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 4 462,6 млн.теңге (71,4%), ЖБ – 2 514,9 млн.теңге (92,2%).

Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 1 604,6 млн.теңге (84,2%), оның ішінде РБ-дан НТ – 1 364,0 млн.теңге (78,3%), ЖБ – 240,6 млн.теңге (93,7%);

Білім басқармасы – 940,2 млн.теңге (99,0%), оның ішінде РБ-дан НТ – 554,2 млн.теңге (97,9%), ЖБ – 386,0 млн.теңге (99,4%);

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 859,3 млн.теңге (88,0%), оның ішінде РБ-дан НТ – 376,8 млн.теңге (88,5%), ЖБ – 482,4 млн.теңге (87,6%);

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басқармасы – 272,2 млн.теңге (96,4%), оның ішінде РБ-дан НТ – 242,4 млн.теңге (94,4%), ЖБ – 29,8 млн.теңге (99,0%).

2021 жылғы 1 желтоқсанға облыс бюджетінің атқарылуы

млн.теңге

Атауы 2021ж.01.12 нақтыланған жоспар  соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ
Айыртау 3 510,1 1 525,1 1 985,0 3 306,4 1 371,9 1 934,5 94,2 90,0 97,5 -203,7 -153,1 -50,5
Ақжар 2 081,9 419,7 1 662,3 1 969,0 390,6 1 578,4 94,6 93,1 95,0 -113,0 -29,1 -83,9
Аққайың 2 887,8 1 229,2 1 658,6 2 704,8 1 073,3 1 631,4 93,7 87,3 98,4 -183,0 -155,9 -27,1
Есіл 3 049,3 1 434,9 1 614,4 2 827,9 1 287,0 1 540,9 92,7 89,7 95,5 -221,3 -147,9 -73,4
Жамбыл 3 575,6 1 993,4 1 582,2 3 198,3 1 644,1 1 554,2 89,4 82,5 98,2 -377,3 -349,3 -28,0
М.Жұмабаев 4 912,4 2 410,0 2 502,4 4 638,0 2 171,4 2 466,6 94,4 90,1 98,6 -274,3 -238,6 -35,7
Қызылжар 3 153,0 1 309,3 1 843,7 2 790,8 974,0 1 816,8 88,5 74,4 98,5 -362,2 -335,3 -26,9
Мамлют 4 314,4 2 380,8 1 933,6 3 968,4 2 117,4 1 851,0 92,0 88,9 95,7 -346,0 -263,4 -82,6
Ғ. Мүсірепов 8 003,4 4 505,9 3 497,5 7 618,3 4 239,0 3 379,3 95,2 94,1 96,6 -385,0 -266,9 -118,2
Тайынша 5 427,5 3 008,6 2 418,8 5 080,4 2 750,9 2 329,4 93,6 91,4 96,3 -347,1 -257,7 -89,4
Тимирязев 2 860,7 1 884,2 976,5 2 597,3 1 670,7 926,5 90,8 88,7 94,9 -263,4 -213,4 -50,0
Уәлиханов 2 063,1 682,3 1 380,7 1 950,5 661,3 1 289,1 94,5 96,9 93,4 -112,6 -21,0 -91,6
Шал ақын 4 191,8 2 144,6 2 047,3 3 853,8 1 877,8 1 975,9 91,9 87,6 96,5 -338,1 -266,8 -71,3
Аудандар бойынша жиыны 50 030,9 24 927,9 25 103,0 46 503,9 22 229,7 24 274,2 93,0 89,2 96,7 -3 527,0 -2 698,3 -828,8
Петропавл қ. 47 897,2 15 599,0 32 298,1 40 919,7 11 136,4 29 783,3 85,4 71,4 92,2 -6 977,5 -4 462,6 -2 514,9
Облыстық 230 886,9 84 103,6 146 783,2 227 087,1 81 539,7 145 547,5 98,4 97,0 99,2 -3 799,7 -2 563,9 -1 235,8
БАРЛЫҒЫ 328 815,0 124 630,6 204 184,4 314 510,7 114 905,7 199 604,9 95,6 92,2 97,8 -14 304,3 -9 724,9 -4 579,4
Жарияланған күні

01 желтоқсан 2021

Жаңарту күні

01 желтоқсан 2021