2021 жылғы 1 қарашадағы облыс бюджетінің атқарылуы

2021 жылғы 1 қараша жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 53 962,0 млн. теңгеден 55 431,9 млн. теңге немесе 102,7% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 1 469,9 млн. теңге.

Облыстық бюджетке жоспардағы 26 570,7 млн. теңгеден 27 274,6 млн. теңге немесе 102,6% түсті. Асыра орындалу 703,9 млн. теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 27 391,3 млн. теңгеден 28 157,3 млн. теңге немесе 102,8% түсті. Асыра орындалу 766,0 млн. теңге.

2021 жылғы 1 қараша жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 97,5%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 292 569,9 млн. теңгеден шығыстар 285 179,0 млн. теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 7 418,0 млн. теңге сомасында қалыптасты.

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 94,2% құрады, немесе жоспардағы 109 074,6 млн. теңгеден шығыстар 102 801,4 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 6 273,2 млн. теңге.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 1 144,8 млн. теңге немесе 99,4% құрады.

Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

Мамлют ауданы – 477,7 млн. теңге (87,5%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 327,1 млн. теңге (84,6%), ЖБ – 150,6 млн. теңге (91,1%);

Ғ. Мүсірепов ауданы – 213,1 млн. теңге (96,8%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 202,8 млн. теңге (94,7%), ЖБ – 10,3 млн. теңге (99,6%);

Тайынша ауданы – 204,3 млн. теңге (95,6%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 182,2 млн. теңге (93,1%), ЖБ – 22,1 млн. теңге (98,9%);

Тимирязев ауданы – 175,3 млн. теңге (92,9%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 171,2 млн. теңге (89,5%), ЖБ – 4,1 млн. теңге (99,5%);

Қызылжар ауданы – 161,4 млн. теңге (93,5%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 157,6 млн. теңге (81,2%), ЖБ – 3,8 млн. теңге (99,8%);

Петропавл қаласы – 2 775,4 млн. теңге (93,7%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 2 185,4 млн. теңге (82,5%), ЖБ – 590,0 млн. теңге (98,1%).

Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 1 862,6 млн. теңге (75,1%), оның ішінде РБ-дан НТ – 1 716,6 млн. теңге (60,4%), ЖБ – 146,0 млн. теңге (95,3%);

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 407,1 млн. теңге (94,5%), оның ішінде РБ-дан НТ – 396,3 млн. теңге (90,6%), ЖБ – 10,9 млн. теңге (99,7%);

Білім басқармасы – 401,0 млн. теңге (99,5%), оның ішінде РБ-дан НТ – 354,6 млн. теңге (98,5%), ЖБ – 46,4 млн. теңге (99,9%);

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басқармасы – 176,6 млн. теңге (97,3%), оның ішінде РБ-дан НТ – 176,4 млн. теңге (95,6%), ЖБ – 0,2 млн. теңге (100%).

2021 жылғы 1 қарашаға облыс бюджетінің  атқарылуы

млн. теңге

Атауы 2021 ж. 01.11 нақтыланған жоспар соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ
Айыртау 3 098,8 1 367,9 1 730,9 3 016,5 1 287,1 1 729,4 97,3 94,1 99,9 -82,4 -80,9 -1,5
Ақжар 1 722,4 290,8 1 431,7 1 711,5 286,1 1 425,4 99,4 98,4 99,6 -11,0 -4,6 -6,3
Аққайың 2 498,8 1 093,5 1 405,3 2 405,3 1 004,6 1 400,6 96,3 91,9 99,7 -93,6 -88,9 -4,7
Есіл 2 681,1 1 278,5 1 402,6 2 603,5 1 230,1 1 373,4 97,1 96,2 97,9 -77,6 -48,4 -29,2
Жамбыл 3 080,9 1 692,5 1 388,3 2 944,5 1 565,7 1 378,8 95,6 92,5 99,3 -136,4 -126,8 -9,6
М.Жұмабаев 4 285,4 2 056,7 2 228,7 4 237,8 2 014,4 2 223,4 98,9 97,9 99,8 -47,6 -42,3 -5,3
Қызылжар 2 500,7 840,0 1 660,8 2 339,4 682,4 1 657,0 93,5 81,2 99,8 -161,4 -157,6 -3,8
Мамлют 3 815,7 2 119,6 1 696,1 3 338,0 1 792,4 1 545,5 87,5 84,6 91,1 -477,7 -327,1 -150,6
Ғ. Мүсірепов 6 750,4 3 848,4 2 902,0 6 537,3 3 645,6 2 891,6 96,8 94,7 99,6 -213,1 -202,8 -10,3
Тайынша 4 645,6 2 656,3 1 989,2 4 441,3 2 474,2 1 967,1 95,6 93,1 98,9 -204,3 -182,2 -22,1
Тимирязев 2 478,4 1 628,8 849,5 2 303,0 1 457,6 845,5 92,9 89,5 99,5 -175,3 -171,2 -4,1
Уәлиханов 1 791,7 620,2 1 171,4 1 744,6 615,2 1 129,4 97,4 99,2 96,4 -47,1 -5,0 -42,1
Шал ақын 3 063,6 1 344,4 1 719,2 3 026,3 1 338,8 1 687,5 98,8 99,6 98,2 -37,3 -5,6 -31,7
Аудандар бойынша жиыны 42 413,4 20 837,6 21 575,7 40 648,8 19 394,3 21 254,6 95,8 93,1 98,5 -1 764,6 -1 443,4 -321,2
Петропавл қ. 44 071,2 12 513,9 31 557,3 41 295,8 10 328,5 30 967,3 93,7 82,5 98,1 -2 775,4 -2 185,4 -590,0
Облыстық 209 887,6 75 723,0 134 164,6 207 009,6 73 078,6 133 931,0 98,6 96,5 99,8 -2 878,0 -2 644,4 -233,6
БАРЛЫҒЫ 292 596,9 109 074,6 183 522,4 285 179,0 102 801,4 182 377,6 97,5 94,2 99,4 -7 418,0 -6 273,2 -1 144,8
Жарияланған күні

01 қараша 2021

Жаңарту күні

01 қараша 2021