2021 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы

2021 жылғы 1 шілде жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 32 339,8 млн.теңгеден 33 759,6 млн.теңге немесе 104,4% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 1 419,8 млн.теңге.

Облыстық бюджетке жоспардағы 17 061,5 млн.теңгеден 17 361,9 млн.теңге немесе 101,8% түсті. Асыра орындалу 300,4 млн.теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 15 278,3 млн.теңгеден 16 397,7 млн.теңге немесе 107,3% түсті. Асыра орындалу 1 119,4 млн.теңге.

2021 жылғы 1 шілде жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 99,9%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 159 083,8 млн.теңгеден шығыстар 158 968,3 млн.теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 115,5 млн.теңге сомасында қалыптасты.

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 99,9% құрады, немесе жоспардағы 52 084,1 млн.теңгеден шығыстар 52 039,9 млн.теңгеге атқарылды, игерілмегені 44,2 млн.теңге.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 71,3 млн.теңге немесе 99,9% құрады.

Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

Тимирязев – 20,3 млн.теңге (98,2%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 18,7 млн.теңге (97,2%), ЖБ – 1,7 млн.теңге (99,6%);

Аққайың – 10,4 млн.теңге (99,0%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 100%, ЖБ – 10,4 млн.теңге (98,4%).

Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 23,1 млн.теңге (99,1%), оның ішінде РБ-дан НТ – 22,6 млн.теңге (96,5%), ЖБ – 0,5 млн.теңге (100%);

Білім басқармасы – 14,6 млн.теңге (100%), оның ішінде РБ-дан НТ – 2,3 млн.теңге (100%), ЖБ – 12,3 млн.теңге (100%);

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 12,6 млн.теңге (99,7%), оның ішінде РБ-дан НТ – 100%, ЖБ – 12,6 млн.теңге (99,0%).

2021 жылғы 1 шілдеге облыс бюджетінің атқарылуы

млн.теңге

Атауы 2021ж.01.07 нақтыланған жоспар соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ
Айыртау 975,0 152,4 822,6 974,8 152,4 822,4 100,0 100,0 100,0 -0,2 0,0 -0,2
Ақжар 725,3 90,4 634,9 724,7 90,3 634,3 99,9 100,0 99,9 -0,6 0,0 -0,6
Аққайың 990,3 345,4 645,0 980,0 345,3 634,6 99,0 100,0 98,4 -10,4 0,0 -10,4
Есіл 857,2 207,9 649,3 849,5 207,9 641,6 99,1 100,0 98,8 -7,7 0,0 -7,6
Жамбыл 930,3 246,3 684,0 930,0 246,3 683,7 100,0 100,0 100,0 -0,3 0,0 -0,3
М.Жұмабаев 1 080,3 127,7 952,5 1 077,9 127,7 950,2 99,8 100,0 99,8 -2,3 0,0 -2,3
Қызылжар 1 145,3 213,6 931,7 1 141,9 213,5 928,4 99,7 99,9 99,7 -3,3 -0,1 -3,2
Мамлют 1 142,0 543,1 599,0 1 138,6 543,1 595,5 99,7 100,0 99,4 -3,5 0,0 -3,5
Ғ. Мүсірепов 1 648,1 570,3 1 077,8 1 648,0 570,3 1 077,7 100,0 100,0 100,0 -0,1 0,0 -0,1
Тайынша 1 390,3 414,8 975,5 1 389,6 414,8 974,8 99,9 100,0 99,9 -0,7 0,0 -0,7
Тимирязев 1 114,4 673,8 440,6 1 094,0 655,2 438,9 98,2 97,2 99,6 -20,3 -18,7 -1,7
Уәлиханов 612,6 91,4 521,2 610,0 91,3 518,7 99,6 99,9 99,5 -2,6 -0,1 -2,5
Шал ақын 952,0 245,5 706,5 951,3 245,5 705,8 99,9 100,0 99,9 -0,7 0,0 -0,7
Аудандар бойынша жиыны 13 563,1 3 922,5 9 640,5 13 510,3 3 903,6 9 606,8 99,6 99,5 99,6 -52,7 -19,0 -33,8
Петропавл қ. 22 236,9 4 724,7 17 512,1 22 235,1 4 724,7 17 510,4 100,0 100,0 100,0 -1,7 0,0 -1,7
Облыстық 126 932,3 43 442,2 83 490,1 126 871,3 43 417,0 83 454,3 100,0 99,9 100,0 -61,0 -25,2 -35,8
БАРЛЫҒЫ 159 083,8 52 084,1 106 999,7 158 968,3 52 039,9 106 928,5 99,9 99,9 99,9 -115,5 -44,2 -71,3
Жарияланған күні

16 шілде 2021

Жаңарту күні

16 шілде 2021