2024 жылғы 1 қазандағы облыс бюджетінің атқарылуы

2024 жылғы 1 қазан жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне 89 млрд. 475,2 млн. теңге меншікті кірістер түсті. Болжам 103,5%-ға атқарылды. Асыра орындау 3 млрд. 054,2 млн. теңге сомада қалыптасты.

Облыстық бюджетке 52 млрд. 066,4 млн.теңге түсті, бұл жоспардан 101,1% құрады. Болжамнан тыс 561,9 млн.теңге түсті.

Аудандық (қалалық) бюджеттерге 37 млрд. 408,8 млн. теңге түсті, бұл жоспардан 107,1% құрады. Болжамнан тыс 2 млрд. 492,3 млн. теңге түсті.

Аудандардың және Петропавл қаласының бюджеттеріне түсетін түсімдер бойынша болжам жоспар орындалды.

2024 жылғы 1 қазан жағдайында шығыстар бойынша облыс бюджеті 98,2%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 382 858,3 млн.теңгеден шығыстар 375 969,5 млн.теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар қалдығы 6 888,8 млн.теңге сомада қалыптасты.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 86,0%-ды құрады, игерілмеу 6 399,0 млн. теңге сомада қалыптасты.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 489,9 млн. теңгені немесе 99,9%-ды құрады.

Келесі төмен тұрған бюджеттер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша игерілмеу қалыптасты:

Петропавл каласы – 2 330,7 млн. теңге (93,0%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 2 330,0 млн.теңге (76,2%), ЖБ – 0,7 млн.теңге (100%);

Қызылжар ауданы – 889,9 млн.теңге (85,6%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 553,5 млн.теңге (49,5%), ЖБ – 336,5 млн.теңге (93,4%);

Тайынша ауданы – 699,1 млн.теңге (90,2%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 672,0 млн.теңге (70,0%), ЖБ – 27,2 млн.теңге (99,4%).

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 1 001,4 млн.теңге (95,8%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 1 001,3 млн.теңге (91,5%), ЖБ – 0,1 млн.теңге (100%);

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 450,0 млн.теңге (95,4%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 450,0 млн.теңге (65,4%).

 

2024 жылғы  1 қазандағы облыс бюджетінің  атқарылуы
                        млн.теңге
Атауы 2024ж.01.10 нақтыланған жоспар  соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ
Айыртау 7 165,9 2 044,3 5 121,6 7 114,0 1 993,8 5 120,2 99,3 97,5 100,0 -51,9 -50,5 -1,5
Ақжар 4 281,9 1 199,1 3 082,8 4 281,5 1 199,0 3 082,4 100,0 100,0 100,0 -0,4 0,0 -0,4
Аққайың 3 683,7 1 044,2 2 639,5 3 552,5 1 005,2 2 547,3 96,4 96,3 96,5 -131,2 -39,0 -92,2
Есіл 4 087,2 80,8 4 006,4 4 086,8 80,8 4 006,0 100,0 100,0 100,0 -0,4 0,0 -0,4
Жамбыл 3 570,8 157,2 3 413,6 3 563,3 155,2 3 408,1 99,8 98,7 99,8 -7,5 -2,0 -5,5
М.Жұмабаев 4 637,6 221,3 4 416,2 4 556,1 139,9 4 416,2 98,2 63,2 100,0 -81,5 -81,4 -0,1
Қызылжар 6 171,8 1 094,9 5 076,8 5 281,8 541,5 4 740,4 85,6 49,5 93,4 -889,9 -553,5 -336,5
Мамлют 4 657,9 1 928,3 2 729,7 4 103,8 1 375,6 2 728,3 88,1 71,3 99,9 -554,1 -552,7 -1,4
Ғ. Мүсірепов 6 736,3 1 237,8 5 498,5 6 583,3 1 087,8 5 495,5 97,7 87,9 99,9 -153,0 -150,0 -3,0
Тайынша 7 151,3 2 236,5 4 914,7 6 452,1 1 564,6 4 887,6 90,2 70,0 99,4 -699,1 -672,0 -27,2
Тимирязев 2 966,8 62,6 2 904,2 2 956,7 53,2 2 903,6 99,7 85,0 100,0 -10,1 -9,4 -0,7
Уәлиханов 3 247,6 720,9 2 526,7 3 047,6 521,5 2 526,1 93,8 72,3 100,0 -200,0 -199,4 -0,6
Шал ақын 4 452,6 1 250,8 3 201,8 4 221,1 1 019,7 3 201,4 94,8 81,5 100,0 -231,5 -231,2 -0,3
Аудандар бойынша жиыны 62 811,3 13 278,6 49 532,7 59 800,6 10 737,6 49 063,0 95,2 80,9 99,1 -3 010,7 -2 541,0 -469,7
Петропавл қ. 48 173,2 9 796,4 38 376,7 45 842,5 7 466,4 38 376,1 95,2 76,2 100,0 -2 330,7 -2 330,0 -0,7
Облыстық 271 873,9 22 794,5 249 079,4 270 326,4 21 266,5 249 059,9 99,4 93,3 100,0 -1 547,5 -1 528,0 -19,5
БАРЛЫҒЫ 382 858,3 45 869,5 336 988,8 375 969,5 39 470,6 336 498,9 98,2 86,0 99,9 -6 888,8 -6 399,0 -489,9



Жарияланған күні

14 қазан 2024

Жаңарту күні

14 қазан 2024