2023 жылғы 1 желтоқсандағы облыс бюджетінің атқарылуы

2023 жылғы 1 желтоқсан жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 103 702,4 млн.теңгеден 108 257,9 млн.теңге немесе 104,4% меншікті кірістер түсті. Асыра орындау 4 555,5 млн.теңгені құрады.

Облыстық бюджетке жоспардағы 52 635,6 млн.теңгеден 53 801,8 млн.теңге немесе 102,2% түсті. Асыра орындау – 1 166,2 млн.теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 51 066,8 млн.теңгеден 54 456,0 млн.теңге немесе 106,6% түсті. Асыра орындау 3 389,2 млн. теңгені құрады.

2023 жылғы 1 желтоқсан жағдайында шығыстар бойынша облыс бюджеті 98,9%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 441 402,3 млн.теңгеден шығыстар 436 623,8 млн.теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар қалдығы 4 778,5 млн.теңге сомада қалыптасты.

Жүргізілмеген шығыстар қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қалыптасты:

Петропавл қаласы – 1 млрд. 593,3 млн. теңге (96,8%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 245,2 млн.теңге (96,3%), ЖБ – 1 млрд. 348,1 млн.теңге (96,9%);

Уәлиханов ауданы – 488,5 млн. теңге (92,8%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 257,4 млн.теңге (89,9%), ЖБ –231,1 млн.теңге (94,6%);

Шал ақын ауданы – 419,3 млн.теңге (94,5%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 342,5 млн. теңге (88,5%), ЖБ – 76,9 млн.теңге (98,3%);

Қызылжар ауданы – 256,4 млн.теңге (95,1%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 209,0 млн. теңге (78,4%), ЖБ – 47,3 млн.теңге (98,9%);

Білім басқармасы – 223,7 млн.теңге (99,8%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 0,2 млн.теңге (100%), ЖБ – 223,5 млн.теңге (99,8%);

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 211,8 млн. теңге (99,0%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 175,3 млн.теңге (98,4%), ЖБ – 36,5 млн.теңге (99,6%);

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – 145,3 млн. теңге (94,1%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 127,6 млн.теңге (73,7%), ЖБ – 17,7 млн.теңге (99,1%).

2023 жылғы  1 желтоқсандағы облыс бюджетінің  атқарылуы
                        млн.теңге
Атауы 2023ж.01.12 нақтыланған жоспар  соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ РБ НТ  ЖБ
Айыртау 6 715,3 1 185,2 5 530,0 6 707,5 1 182,0 5 525,5 99,9 99,7 99,9 -7,8 -3,3 -4,5
Ақжар 4 407,5 994,9 3 412,6 4 337,0 944,6 3 392,4 98,4 94,9 99,4 -70,5 -50,3 -20,2
Аққайың 3 294,6 556,9 2 737,7 3 248,7 553,6 2 695,1 98,6 99,4 98,4 -45,9 -3,3 -42,6
Есіл 3 579,4 162,5 3 416,9 3 516,5 117,1 3 399,4 98,2 72,1 99,5 -62,9 -45,4 -17,5
Жамбыл 3 751,0 565,9 3 185,1 3 593,2 492,0 3 101,3 95,8 86,9 97,4 -157,8 -73,9 -83,9
М.Жұмабаев 8 520,0 2 111,9 6 408,0 8 298,9 1 923,5 6 375,3 97,4 91,1 99,5 -221,1 -188,4 -32,7
Қызылжар 5 219,6 969,0 4 250,5 4 963,2 760,0 4 203,2 95,1 78,4 98,9 -256,4 -209,0 -47,3
Мамлют 3 585,9 849,2 2 736,8 3 333,7 652,6 2 681,1 93,0 76,8 98,0 -252,3 -196,6 -55,7
Ғ. Мүсірепов 5 969,1 460,6 5 508,5 5 895,6 397,2 5 498,4 98,8 86,2 99,8 -73,6 -63,5 -10,1
Тайынша 8 014,5 1 173,4 6 841,1 7 805,3 1 078,1 6 727,2 97,4 91,9 98,3 -209,3 -95,3 -113,9
Тимирязев 3 008,2 194,4 2 813,8 2 825,3 134,3 2 691,0 93,9 69,1 95,6 -182,9 -60,1 -122,8
Уәлиханов 6 806,9 2 557,4 4 249,5 6 318,4 2 300,0 4 018,4 92,8 89,9 94,6 -488,5 -257,4 -231,1
Шал ақын 7 599,0 2 978,2 4 620,8 7 179,6 2 635,7 4 543,9 94,5 88,5 98,3 -419,3 -342,5 -76,9
Аудандар бойынша жиыны 70 471,0 14 759,7 55 711,3 68 023,0 13 170,7 54 852,2 96,5 89,2 98,5 -2 448,0 -1 588,9 -859,1
Петропавл қ. 49 612,9 6 699,3 42 913,6 48 019,6 6 454,1 41 565,5 96,8 96,3 96,9 -1 593,3 -245,2 -1 348,1
Облыстық 321 318,4 44 860,1 276 458,4 320 581,2 44 553,7 276 027,5 99,8 99,3 99,8 -737,2 -306,4 -430,8
БАРЛЫҒЫ 441 402,3 66 319,0 375 083,3 436 623,8 64 178,5 372 445,3 98,9 96,8 99,3 -4 778,5 -2 140,5 -2 638,0



Жарияланған күні

07 желтоқсан 2023

Жаңарту күні

07 желтоқсан 2023