Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
Жарияланған күні: 15 мамыр 2023
Жаңарту күні: 15 мамыр 2023
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша айқындайды.
- Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
2) республикалық бюджет туралы заң, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі;
2-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;
2-3) Ұлттық жобалар;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;
3-1) бюджеттік бағдарламалар;
4) операциялық жоспарлар.
- Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджеттік жүйені дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ бюджеттік саясатты қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Жарияланған күні
15 мамыр 2023
Жаңарту күні
15 мамыр 2023