Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы жаңалықтар туралы және басқарма қызметкерлерi тарапынан сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу бойынша түсiндiру семинар өткiзу туралы
Көру саны:6
Басқарманың қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 5-тармағын орындау үшiн 2022 жылғы 10 маусымда сағат 10:00-де мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi (баяндамашы Оразамбетов Абзал) Әдеп жөнiндегi кеңес мүшесi Инесса Қуановамен Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының қызметкерлерiмен бiрлесiп Zoom арқылы семинар өткiздi.
Семинар барысында басқарма қызметкерлерi қызметтiк тәртiптi нығайтудың өзектi мәселелерiн, сыбайлас жемқорлықтың, беделiн түсiретiн терiс қылықтардың алдын алу және қала құрылысы саласындағы қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың алдын алу шараларын талқылады.
Iс-шара соңында басқарманың бас мамандары-құрылыс инспекторлары семинар тақырыбы бойынша қызықтыратын сұрақтар қоюға және толық жауаптар алуға мүмкiндiк алды.
Әкiмшiлiк-құқықтық және қаржылық жұмыс бөлiмi

10 маусым 2022
10 маусым 2022